Өлеңдер бөлімі

Адамның көбі біле бермейтін 10 ел

Бүгінгі күні ғаламшарда БҰҰ-на мүше 190-нан астам мемлекет бар, бірақ бұл барлық елдерінің толық тізімі емес. Бұл тізімге әлемнің әр түкпірінен табылатын танылмаған елдердің кірмегені анық. Олардың кейбіріне толыққанды азамат болу да оп-оңай екен.

Естімеген мемлекеттерді табу үшін әлемнің бүгінгі картасын мұқият зерттеп, тіпті ғарышты да аралап осы тізімді дайындадық.

1. Малу-Венту Республикасы

© Marco Busdraghi / commons.wikimedia   © NordNordWest / commons.wikimedia

2008 жылдың қыркүйегінде бұрынғы жүк көлігінің жүргізушісі Сальваторе Мелони және оның ізбасарлары Сардиния жағалауындағы шағын аралды басып алып, оны тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Мелони өзін Малу-Вента Республикасының Президенті етіп тағайындады және шатырда өз резиденциясын құрды. 2012 жылдың жазында Сальваторе аралды басып алу әрекеті үшін жазаға тартылып, 20 айға қамауға алынды. 2017 жылдың сәуір айында Мелони қайта қамауға алынып, түрмеде өзін саяси тұтқын деп есептеуді өтініп аштық жариялады,  алайда араға 2 ай салып, қайтыс болды.

2. Лакота Республикасы

© Magog the Ogre / commons.wikimedia   © Runner1928 / commons.wikimedia

2007 жылы өздерін Лакотаның Бостандық Делегациясы деп атаған 4 белсенді Вашингтонға, Колумбия округіне бет алды. Олар «кезінде АҚШ-пен ата-бабалары қол қойған келісім-шарттардан бас тартатынын» және «өз тәуелсіз ұлтын құратындарын» мәлімдеді. Үндіс активисті Рассел Минс Лакота Республикасы деп жариялаған ел Солтүстік және Оңтүстік Дакота, Небраски, Вайоминг және Монтана аумағын қамтиды.

3. Христиания

© Bruno Jargot / commons.wikimedia   © H.Loper / commons.wikimedia

Христиания еркін қаласы — Копенгаген ауданының бірінде орналасқан ішінара өзін-өзі басқаратын «мемлекет ішіндегі мемлекет». Ол 1971 жылы пайда болды, хиппи тобы қараусыз қалған казармаларды заңсыз басып алып, еркін қала құратынын жариялады.

4. Эллеор патшалығы

© elleore   © NordNordWest / commons.wikimedia

Корольдік ресми түрде Данияға тиесілі болған Роскилле-фьорд аралында орналасқан. Аралды 1944 жылы Копенгагеннен келген бірнеше мектеп мұғалімі жазғы лагерь құру үшін сатып алған. Олар тәуелсіздік жариялап, аумаққа өз патшалығын орнатты. Бүгінгі күні Эллеор патшалығында 260 адам тұрады, ал билік Лео III монархына тиесілі.

5. Ужупис Республикасы

© Wojsyl / commons.wikimedia   © Tocekas / commons.wikimedia

1996 жылы литвалық суретшілер тобы Вильнюс ауданының бірінде «Альтернативті өнер орталығын» құрды, ал бір жылдан кейін кварталдың тұрғындары Ужупис Республикасын жариялады. Олар өз Конституциясы мен валютасын қабылдады, сондай-ақ президентін сайлап, тіпті 12 адам ғана тұратын армиясын жасақтады.

6. Вестарктика

© Alexrk2 / commons.wikimedia   © Andrew Mandemaker / commons.wikimedia

Ұлы Вестарктика Герцогтігінің негізін 2001 жылдың қараша айында теңіз жаяу әскері Тревис Макгенри қалады. Ол Батыс Антарктида, мәңгі суық континенттің жалғыз бейтарап аумағы болып табылатын Мэри Бэрд жерінде орналасқан. Бүгінгі таңда 300-ге жуық адам Вестарктика азаматтары ретінде тіркелген.

7. Конк Республикасы

© Deror avi / commons.wikimedia   © Magog the Ogre / commons.wikimedia

1982 жылдың сәуір айында Флорида архипелагында Ки-Уэст қалашығының мэрі Деннис Уардлоу Конк Республикасын жариялады. Елдің   тіпті өз әуежайы бар, ал туристердің кез келгені республика азаматының төлқұжатын оңай сатып ала алады, алайда тек кәдесый ретінде ғана.

8. Ладония

© NordNordWest / commons.wikimedia   © Hakan Dahlstrom / commons.wikimedia

Мемлекет Швецияның оңтүстігінде Куллаберг табиғи қорығының аумағында орналасқан. Суретші Ларс Вилкс 1996 жылдың маусымында Ладонияның тәуелсіздігін жариялады. Бүгінгі таңда оның бүкіл әлем бойынша 20 мыңнан астам адам азаматы бар, бірақ олардың ешқайсысы іс жүзінде танылмаған мемлекеттің аумағында тұрмайды.

9. Виртландия

© Фейсбук парақшаларынан

Бұл мемлекет ешқандай физикалық аумақты қажет етпейді, өйткені ол интернетте орналасқан. Мемлекет 2008 жылдың тамыз айында құрылды, бүгінгі күні 8 мыңнан (01.12.2017 санақ бойынша) астам адам оның азаматы болып саналады. Виртландияның ең танымал «тұрғындары» — Джулиан Ассанж және Эдвард Сноуден. Осы жылы тәуелсіздіктеріне 10 жыл толыпты.

10. Асгардия

© Asgardia

Асгардияны құру туралы алғаш рет 2016 жылдың қазан айында ресейлік ғалым және бизнесмен Игорь Ашурбейли мәлімдеген болатын. Бұл мемлекеттің өзгешелігі — оның мекені. Ол іс жүзінде ғарышта 2017 жылдың соңында іске қосылған «Асгардия-1» спутнигінде орналасқан. Онда қазірдің өзінде асгардтық болуды қалап, «ғарыш» азаматтығын алуға өтініш беріп үлгерген жүздеген мың адамның деректері сақталған. Ал ресми сайтта ғарыштағы Асгардияның қозғалысын қадағалауға болады.

Ал сіз өз шағын мемлекетіңізді құрып, оның басшысы болуды ойлаған ба едіңіз?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айым

Қызық екен!

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...