Өлең-жыр байқауы

Жалғыз саяхаттауға болатын әлемдегі ең қауіпсіз елдер

Әлем елдеріне саяхат жасау — бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандық емес. Әрине, ел көру, жер аралаудың, адам танудың пайдасы да жоқ емес. Саяхат барысында жаңа дүниелерді көріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Қауіпсіз әрі қолайлы ел таңдасаңыз қызықты күндеріңіз тіптен керемет өтері сөзсіз.  Жалғыз саяхаттауға ең қауіпсіз ТОП-3 ел:

Дания

Дания астанасы Копенгаген Еуропадағы ең қауіпсіз әрі тыныш қалалардың бірі. Мұндағы қауіпсіздік деңгейі теңертең — 5, кешке — 4 баллды құрайды. 

Копенгагенде ұрлық, кемсіту, үй және мүлік тонау минимал деңгейде. Аталмыш қауіпсіздік көрсеткіші өзге қалаларда да сақталған.

Кипр

Туризм саласы жақсы жетіліп, туристтер көптеп ағылатын елдің бірі — Кипр. Кішкене ғана арал мемлекетте көптеген туристтік орындар салынып, саяхатшыларға жоғары деңгейде демалуға барлық мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жайлы демалу үшін барын жасайды. Егер жиһанкездік сапарға жалғыз шығар болсаңыз — Кипр ойыңызда болсын.

Сингапур

Сингапур — қала-мемлекет. Яғни, аумағы бір ғана қаладан тұрады.

Сингапурда заң бірінші орында. Жергілікті халыққа да, келушілерге де заң бірдей жүреді. Демек, сіздің құқықтарыңыз тапталмайды, барлық арыз-шағымдарыңызды емін-еркін жеткізе аласыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

aika

сингапур не слишком ли

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)