Өлең-жыр байқауы

Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

Қазақстандық оқушылардан құралған екі команда Лондонда робот техникадан өткен «VEX Robotics Competition 2019» жарысына қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.

Үстіміздегі жылдың 9 ақпанында Ұлыбритания астанасында өткен халықаралық жарысқа барлығы 32 команда қатысты. Оның 24-і Ұлыбританиядан, 6-уы Түркиядан және 2-уі Қазақстаннан. Біздің елден қатысқан екі команданың бірі ұлдардан құралған, оның құрамында Бақтияр Теміров пен Жәнібек Манабеков болса, екіншісі қыздар командасы , онда Дильназ Қамалова, Любовь Дудченко және Малика Бөрібаева есімді жерлестеріміз болды.

Ұлдар командасы жұптық жарыста 2 орын иеленсе, ал жеке жарыста (Skills challenge) жігіттер 1 орынды қанжығалады. Қыздар да командалық есепте 2 орынға тұрақтап, одан бөлек сайыс төрешілері қыздардың жұмысын жоғары бағалап, үздік дизайн (Judges Award) ерекше сыйлығын табыс етті.

Осылайша, қазақстандық оқушылар командасы Лондонда өткен робототехника бойынша өткен жарыстан (Skills Challenge and Judges Award) екі 1 орын және екі 2 орын жүлдесімен оралды.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз