Эссе және өлең-жыр байқауы

Триллиондаған адам ғарышта өмір сүреді: Джефф Безос жақын болашағымызға көз тастады

«Амазон» компаниясының иесі Джефф Безос оның аэроғарыштық компаниясы бір жыл бойы құпия түрде жасап келген адамды Айға ұшыруға арналған аппараттың макетін қалың бұқараның назарына ұсынды. Безостың айтуынша, Blue Moon («Көгілдір Ай») модулі — басқа ғаламшарларға көш түзеу жолындағы алғашқы қадам.

Безос үшін Жердің болашағы күнілгері белгіленіп қойған. Әр жыл сайын ресурстар азайып жатыр және ғарыштық колонизацияның ауылы алыс емес. «Амазон» иесі атақты физик Джерард О'Нилдің концепциясын негіз ретінде алған. Безос ол концепцияға Принстонда жүргенде қызыға бастаған еді. Безос қалаларды, өндірістік нысандарды, тіпті ұлттық қорықтарды орнықтыруға болатын дербес тіршілік орталарын құруға кіріспекші.  

Безос ғаламшарларды ішкі жағында жасанды гравитация түзілетін кеуек «ленталармен» шырмап тастауды ұсынады. Соған ұқсас бірдеңе «Интерстеллар» фильмінде көрсетілген болатын. Осындай қалалардың әрқайсысында өзінің көлік жүйесі, инфрақұрылымы және тіпті ауыл шаруашылығы болады. Оған қоса, жасанды қалаларда жер сілкінуі, дауылдар, цунамилар сияқты катаклизмдер болмайды. Қазіргі адамдарды өзге ғаламшарларға қоныс аударудан санаулы ғана буын бөліп тұр. Джефф Безос қазір оның міндеті — ғарышқа апаратын «жол» салу екенін баса айтты. Және де оның Blue Moon жобасы — ең алғашқы маңызды қадам. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (2)

Мейрамбек

Осылардың қиялы қандай? Бізге жат, ұят болады, дәстүрімізге келмейді деген мағынасыз шектеулері жоқ болғандықтан ой-қиялы еркін, жүйрік болса керек. Дамуда ұят, ата бабадан қалғанға қарсы деген сөздер болмау керек, дамуыңа септігі тиетін жаңалықтан қашпау керек, кері жағдайда нағыз ұяттың көкесі болады! Жалпы миға ешқандай шектеу қоймау керек.

Гүлім

Әр адам қиялдай білу керек,сен қиялдап (ойлап)бірдеңе жазсаң, не ойша(қиялдап) аппараты курастырсан кім қарсы. Комнатана кіріп алда қиялдай бер. Сосын дереу қағазға түсір, жаз ойыңды (киялынды).компютьер ойнамай.

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...