Эссе және өлең-жыр байқауы

Галилео Галилей

Галилео Галилей (итал. Galileo di Vincenzo Bonaiuti de' Galilei; 15 ақпан 1564, Пиза — 8 қаңтар 1642, Арчетри, Флоренция маңы) — итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.
Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.


Нақыл сөздері

Әлем математика тілімен бейнеленген.

Ілмектер: математика, нақыл, афоризм Галилео Галилей

Табиғатты танудың ең сенімді құралы – бақылау мен тәжірибе.

Ілмектер: табиғат, бақылау, тәжірибе Галилео Галилей

Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн.

Ілмектер: адам, жаңалық, үйрету, қайталау Галилео Галилей