Өлең, жыр, ақындар

Сөз және оның мағынасы.

 

Сынып:  4 «Г»

 

 

Мектептің аты:

«Тұран» мектеп-гимназия»

коммуналдық мемлекеттік  мекемесі

 

 Күні: 23. 11. 2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні: А.Оспанова

 

Пәні: қазақ тілі

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны:

 

Сабақтың тақырыбы:

Сөз және оның мағынасы.

 

Сабақтың мақсаты:

 

 

а)  Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдете түсу. Мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы түсінік беру.

ә) Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.

 б) Көркем жазу арқылы әсемдікті түсінуге тәрбиелеу.

 

Тілдік мақсат

Термин сөздермен жұмыс.

 

Бағалау критерийлері

Смайликтер арқылы бағалау.

 

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды сауаттылыққа баулу. Заман талабына сай тәрбиелеу.

 

Бастапқы білім

Сөз және оның мағынасы (мәндес сөздер).

 

Сабақтың барысы

 

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Ұйымдастыру бөлімі.

-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

- түгелдеу.

2. Психологиялық дайындық :

Қазақ тілі – бал тілім,

Өзің барда шалқимын,

Тілімнен нәр табармын,

Тіліме кім тағар мін.

3. Үй тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі арқылы тексеру.

4. Үй жұмысын бағалау.

5. Жаңа сабақ.

  6.Жеке жұмыс.

7. Сергіту сәті.

8. Топпен жұмыс.

9. Сабақты бекіту.

10.  Үйге тапсырма.

11. Рефлексия жазу

12. Бағалау.

 

 

 

 

оқулық

 

тақта

 

суреттер

 

 

Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі

 

Сөз және оның мағынасы.

(Қарама-қарсы сөздер)

Төле би

Аталы ұлдың сөзі баянды,

Атасыз ұлдың сөзі шаянды.

Қазыбек би

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің ең соңы болады.

Ескелді би

Ақылды елді оздырады,

Ақымақ елді тоздырады.

Майқы би

Тұлпардан тұлпар туады,

Сұңқардан сұңқар туады,

Асылдан асыл туады.

Жалқаудан масыл туады,

Масылдан малбақпас туады,

Тілазардан қылжақпас туады.

                               Аталар сөзі

Ақымаққа күнде той.

Ақылдыға күнде ой.

Екі жақсы қосылса, бірін-бірі сыйлап өтер.

Екі жаман қосылса,  бірін-бірі қинап өтер.

Жақсылық ағаш басында.

Жамандық аяқ астында.

                            Күн мен түн

Жел әкелгенді сел әкетер. Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады. Бүлдіру –оңай, түзету- қиын. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

                          Алыптар мен ергежейлілер

қатты -               тәтті - 

ұзын -                ішінде - 
жылы -              ескі - 

Жеке жұмыс.

Семантикалық карта.

                    Тапқырлар

Зат есім: жаз-қыс, күн-түн.

Сын есім: ақ-қара, ыстық-суық.

Етістік: айту-тыңдау, қону-ұшу.

                     Сергіту сәті

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын.

«Мен таптым» әдісі.

Жұмбақ шешу.

Әлемнің бар күзетшісі,

Бірі –күндіз шығады.

Бірі – түнде шығады. (Ай мен күн)

Сабақты бекіту.

Топпен жұмыс. «Моншақ» әдісі.

  1. топ. Берілген сөздерге сөйлем құрау.

  2. топ. Берілген сөздерге қарама-қарсы сөздер жазу.

  3. топ. Мақал-мәтелдердегі қарама-қарсы сөздерді табу.

 

 

Үйге тапсырма

5-жаттығу. Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама-қарсы сөздерді бір бөлек жазу.

Смайлик арқылы бағалау

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

    Дене белсенділігі – бұл шипа күш. Әйгілі ғалым Н.М.Амосов былай деген: «Ден сау болу үшін қозғалу керек. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы ғана жетуге болады!»

    Дене белсенділігі адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады.

 

 

Сабақ бойынша рефлексия

     Оқушылар сабақтан алған әсерлерін, ішкі сезімдерін білдіреді. Сабақта түйген ойларымен бөліседі.

 

 

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

 

                                               А. Ермағамбетова

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз