Сәби - ана
Бұл бетте «Сәби - ана» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 24.04.2015
- 1
- 47
- 135224
Айналғанда аядай қалашықты,
Алдымыздан кішкентай Ана шықты.
Қырда отырған ауылға апаратын
Жалғызаяқ соқпақтан адасыпты.
Бір қолында батпандай қуыршағы,
Бір қолында ойыншық құлыншағы.
Екі жансыз мүсінді мәпелейді,
Мәпелейді, біресе ұрысады.
Қарадық та, селт етпей жанарымыз,
Алжығанға санадық Ананы біз.
...Бораны ұлып, бетінен боздағы ұшқан,
Сұлап жатыр далада жаралы күз.
Бәйек болмай отырған жан қалмады,
Сонда да Ана назарын аудармады.
Сәбидейін өзімен-өзі болып,
Қуыршақ пен құлыншақ алданғаны.
Сөзге тартпақ болып ек, естімеді,
(Адам қалай оп-оңай ескіреді?
Адамның ғұмырынан қысқа не бар,
Күн еңкейсе болғаны, кеш кіреді).
- Жастар-ай, жамандық жоқ көңіліңізде,
Мына отырған Ана кім, көрдіңіз бе?
Бір күрсініп алды да, отырған қарт
Ана өмірін баяндап берді бізге.
(Ана халін қарттан біз ұғындық кең)
Жиырма үш жыл сарғайған құр үмітпен,
Жиырма үш жыл сарғайған құр үмітпен!
Сәби-ана сапардан ұлын күткен.
Сұрапылдан сәбиі оралмапты,
Қуыршақ пен құлыншақ содан қапты.
...Қара жолды қаптай кеп тозаң жапты,
Қаралы күз қайтадан борандатты.
Ымырт ауыр салмақпен далаға енді,
Қап-қара жамылғысын ала келді.
Ауылына жетті де сәби-ана,
Ойыншығын құшақтап қала берді.
М.Мақатаев-ұлылардың ұлысы.
керемет
керемет
Ғажап!
Кандай кушти
Керемет
мен үшін мұқағалидың өлеңдері дүниедегі өлең дерден әдемі
Мен Мукагали атамды пiр тутамын.Асиресе Жок даригер олени журегиме жакын
Керемет
ғажап
Маган мукагали макатаев атамнын уш бакытым олени унайды
тангаларлык олендер
Оте Жаксы
Өте керемет көзіңнен жас шығармай қоймайды
Өте жақсы өлеңдер
Кушты Адам аттары бар олен
керемет өлеңдер
керемет!!!
оте адемы
Тамаша
Маған мұқағади атамның анашым деген өлеңі ұнайды
Ғажап.жылататын өлең
Сөз жоқ
керемет
Керемет олендер жинагы.
өте керемет отан туралы өлеңі
Өте керемет
мені жылатқан өлең -Соқыр ана . Өте тамаша өлеңдер!
керемет
ғажап таңғаласың
Қайта тумас ақын аға
Керемет
керемет Кернмет
Керемет Мен Мұқағалидің 20 өлеңін жаттадым.
Маған Мұқағалидін өленітұнады
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері өте мағыналы. Керемет!
Сəби-ана өлеңі керемет
ӘДЕМІ
Өте керемет!
өте керемет
Мұқағали Мақатаевтың Сәби - ана өлеңі ұнады, рахмет!
Керемет
Күшті тақпақ! Мен жарыста жеңу үшін осы тақпақты айттым. Барлығына ұнады осы тақпақ!! Керемет, рахмет сіздерге, мен енді Алматы жарысына барайын деп жатырмын. Рахмет барлығына және 1 наурыз құтты болсын!!!!
Бұл өлеңді жүрегінмен мәнерлеп оқыстан мағынасын түсінесің. Бұл өлең жүрегіңді ерітіп жібереді. Бұдан керемет әсер алуға болады????????????
Қате
Мұқағалидың 'Сәби - ана' өлеңі өте әсерлі. Оқып отырып, ана махаббатының күшін сезінеміз
Мұқағали Мақатаевтың «Сәби-ана» өлеңі – қазақ поэзиясының жүрекке жетерліктей тәрбиелік мағыналы, сезімге толы туындысы. Бұл шығармада ақын ана мен сәби арасындағы махаббат пен сағыныш, өмірдің қилы тағдырлары көркем образдар арқылы шынайы жеткізілген. Өлеңде ана өмірінің ауыртпалығы, үміт пен күту сәттері терең суреттеледі, сонымен бірге тағдырдың қаталдығы мен адам жанының нәзіктігі астарлы көрініс табады. Автордың тіл шеберлігі оқырманға өлең оқи отырып, сезіну мен ойлану мүмкіндігін ашады.
«Сәби-ана» – аналарға деген құрмет пен шексіз сүйіспеншілікті, тағдыр алдында төзімділікті насихаттайтын, қазақ әдебиетіндегі маңызды шығармалардың бірі. Бұл туындының тәрбиелік мәні зор әрі көп оқырманға ой салары анық.
🥹💔