Ұстаз
Бұл бетте «Ұстаз» атты Фариза Оңғарсынова жазған ұстаз туралы өлең берілген.
Заводта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
сырқаулы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам – елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.
Сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!
фариза апайымыздын олендеры ешкымге жетпид мен ушін
Өте әдемі өлең
Оте керемет олең????????????
Маған ұнады!♡
Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді .Шыныменде Фаризадай апамызбен мақтанамын.
ote keremet oleng magan unadi
Маған қатты ұнады!!! Ұстазым бір жасырқап қалды!!!!! !!!!!!!!♡♡♡♡♡♡☆☆☆☆⊙
Өте керемет өлең маған қатты ұнады
маған қатты ұнады
Фариза акын апамды катты жаксы корем Онын олендери адамга жаксы асер етеді.
Өте керемет өлеңдер
Өте керемет жазылған өлең
ote keremet
өте керемет жазылған
Керемет.маған қатты ұнады
өте каремет , тамаша өлең
Өте керемет олең
Өте керемет өлеңдер, маған қатты ұнады
Өте тамаша мағынасы терең
Күшті очень круто
Ютуб каналында быр куймен аиткан еды сол куйды тауып берыныздершы
Өлеңге сәл
Супер
Апай жатта деп айтты
Зор өлен Авиценна 01-25қ стом