Ленинградтық өренім!
Бұл бетте «Ленинградтық өренім!» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді!
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін,
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жасағам жоқ өмірді
Жау сойқанын көргелі,
Төккенім жоқ терімді!
Шер қылғалы кеудені.
Жасалған жоқ салтанат
Жаудың болуға ермегі.
Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі! —
Жасағамын өмірді
Жау біткенді жеңгелі;
Саудыратып сүйегін,
Топыраққа көмгелі.
Қазақстан жерінен,
Тұтағандай ел кегі,
Жолды кернеп қол кетті
Сендерге дем бергелі,
Нева алабын қорыңдар
Ленинградтың ерлері,
Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі!
Ата-бабаң баяғы
Аян еді Жамбылға;
Құрсаулы қол, аяғы,
Аударылған ауылға.
Төрт патшадан теперіш
Көргендерін білем мен.
Петербордан қара күш
Құласа деп тілеп ем.
Тілей-тілей өмір өтті
Сақал, шашым ағарып;
Сонда бір күй тебрентті
Балтық толқып дем алып...
Жаңғырығы құлақтан
Кетпейтін бір күн еді.
Ел жүрегін қуантқан,
Ленин кесем үні еді!
Сөзі нұрдан жаралған
Ленин ыстық күн еді,
Сол келген соң жоғалған
Замананың түнегі!
Өмірімнің жұлдызы
Енді сенсің дегенім.
Ленинград ұл, қызы,
Қайыспаңдар өренім!
Дүкенінде жасалған
Машиналар алуанын,
Киров әкеп еліме,
Қуаныш қып алғамын.
Сендерменен қашаннан
Аға, інілі болғамын.
Жоқ қой дегем Алматы,
Енді менің арманым.
Су қыраны секілді,
Балтықтағы ерлерім,
Сыйлық алып не түрлі
Келгендерін көргемін:
Бірге тойлап тойымды,
Бірге көрген серуенім.
Немерем мен шөберем
Бесігіңде сендердің,
Жастайынан үйренген
Ғылым, білім өрнегін.
Бүгіп Жамбыл тыңдаса—
Естиді жау келгенін;
Есігіңе таласып,
Созыпты обыр өңмеңін;
Естерінен адасып,
Жолына үйіп өлгенін,
Жеті басты жалмауыз
Жайыпты қан шеңгелін...
Дегеніне жетпес ол,
Қақпа алдында қансырар,
Келген шығар айдап сор,
Жылан басы жаншылар,
Жау түнегі аршылар.
Тағы сайрар бұлбұлдар,
Тағы жайнар жұлдыздар,
Масайрасар, ұл, қыздар!
Ұлы халық өскен жер,
Бауыр басқан жасымнан,
Жау зақымын көрсеңдер,
Дауысың шығар ашынған.
Оқтар тиіп, өрт шалып,
Дүние мүлік шашылған.
Қанішер жау жүр шауып,
Арандары ашылған...
Білем, бірақ, өмірі аз,
Сондықтан жау ентелер:
Ажалына асыққан
Обырларды жұтар жер.
Қарсы аттанды жауға жұрт,
Көтерілді қалың ел.
Жау батпаны жатыр деп,
Қайысқан жоқ біздің бел.
Тірек болған еліме,
Туым едің сен алғаш,
Ленинградтың төріне
Жау аяғын сала алмас!
Келген жауды түйіліп.
Жеңген едің бұрын да
Жау сүйегі үйіліп
Қалған өзен, қырында.
Патша қолы — құлдары,
Қырғын тауып бұлдағы,
Сонау соғыс кезінде,
Құмың болған «құндағы!»
Ленин шәрі қайратты
Ол бір өткен күнінен
Жауға қатал айбаты
Аңғарылар түрінен.
Қамалына оқ дарымас,
Ол бір құрыш асыл тас,
Бақшасының қақпасы
Жау қолына табылмас!
Қаласына Лениннің
Жан-жағынан елімнің
Ағытылған от арба,
Батырларын жіберген
Ауыл, қыстақ, шәһәр да,
Ел салмағы қорғасын,
Қорғағалы ордасын,
Құйып жатыр қалаға,
Деп жауымыз сорласын!
Қазақстан жерінен
Мұнай да ағып тасыған;
Сұр қорғасын темірмен
Сол тасқынға қосылған.
Қара көмір, қызыл мыс
Секілденіп жалын күш
Барып жатыр осыдан;
Сәт сағаты жеткенде,
Көсем жарлық еткенде,
Жаудың тілі байланар,
Солар сөйлеп кеткенде!
Оққа ұқсаған дәндерім,
Қызыл шырай алмалар
Бал татытып дәмдерін,
Барып жатыр бәрі де —
Жүйрік пенен жорғалар.
Соның бәрі көмегім,
Қанқұмарды жеңуге.
Желкесінен жегенін
Сығып ала беруге!
Уа, қаһарман өренім,
Мақтанышым, беделім,
Сырда тұрып аңғарам
Құтырған жау өрлерін.
Торыққаннан ұлыйды
Торып қала көлемін.
Жамбыл тұрып тыңдаса,
Сараң тартқан құлағын,
Жаңғырығып тау-тасқа,
Күнде келер бір жаңа үн:
Жауға жұртты шақырған
Сайып қыран Жданым —
Мектеп, завод, шахтыдан
Жыйнаған ұл, қыздарын.
Ворошилов қол бастап,
Нажағайдай ойқастап,
Қаймықпауға, қайтпауға
Кәрі, жасқа ой тастап;
Жасандырған жасағын
Жерді болжап айқаспақ
Жабықпаған Ленинград,
Сталин әмір берген шақ:
Сап-сап болып қол барар,
Қорғап сені ол қалар.
Қатты майдан алда бар,
Жанышталар айдағар!
Жаталмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар!
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін!..
Жетсін деймін сендерге
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласындағы Лениннің
Сайып қыран өренім!
Жамбыл Жабаев мықты ақын!

Сайттарыңызда ақынның өлеңдері көп екен! Жалпы қызықты мәліметтер өте көп екен! Сайтарыңызды бірінші рет көріп тұрмын бқдан былай енді жиі кіруге тырысамын!
Таптым іздегенімді, Рахмет!
Магнасы калаи болад
Іздегенімді таптым.Көп ракмет
Жамбыл Жабаев шынында мыкты ақын іздегенімді таптым
Мен бұл өлеңді неше түрлі сайттар дан көрдім, əр жерде əр түрліғой неге олай?
Маган осы олены катты унайды.
Оте керемет екен маган унады
оте коп пайдасы бар екен
Маган осы олены катты унады.
Жамбыл Жабаев-керемет ақын))Маған осы өлеңі қатты ұнайды
Оте кушти Олен сиздердин сайт тарыныз оте супер унады
рахмет бул толыгымен жазылган ба
Маған Жабыл Жабаевтың осы олеңы маған унайды
Кушти керемет акын
Керемет акын
Маған қатты ұнады
ленинграттық өренім атты өлеңі керемет
Мен тапқан олең.Көп рахмет!!!
Жамбыл Жабаев казак айтысынын алтын казыгы
Керемет керегімді таптым
Керемет маған қатты керек еді таптым көп рахмет
Керемет!!!
Жамбыл атамыз акындыгымен козге тускен оз омириндеги данышпан казак елин коргаушы дана атамыз!
Рахмет
Керемет жазылган
Бізге осы тақырыпта сабақ жүріп жатыр
Керемет
супер өлең
тамаша
Маған ұнады
Керемет!!!кандай магынасы терен олен жолдары
керемет олен маган унады.Осындай жастарга керек сайт ашкандарынызга рахмет.
рахмет
маган оте катты унады
Рахмет
Тамаша коп рахмет
Tamasha magna unadi
Rahmet
Іздегенімді таптып, көп рахмет
өте жақсы"
Өте керемет
Керемет ыздегенимди таптым
оте, коп ракмет таптым ракмет
О таптым коп коп Рахмет!!!
Рахмет
Жамбыл Жабаевтын олендеры маган унайды!!!
Рахмет!)таптым оте коп екен жолдары!
Өте керемет. Маған ұнады
Жамбыл атамыздын осы өлеңі жүрегіміз де мəңгі сақталады себебі жүрекке жеткізіп жазылган
Вообще Жамбыл Жабаев кушти акын.Ен онай олены Ленинграттык ореныМ екен.
Аттандыру өлеңің тауып бере аласыздар ма ?
"Ленинградтык ореним " оленинин толык нускасын издеп жур едим , издегенимди таптым . РАХМЕТ!
Маган өлең қатты ұнады коп рахмет.
Өте жақсы маған ұнады
Маған өлең ұнады тамаша өлең екен
Өлең маған ұнады куштиии
Негизи жамбыл жабаев отец жаксы акын .хат танымаса да ауызша олендер шыгарып жаксы айткан
Керемеет
Керемет издегенимди таптым
рахмет оте керемет сайт маган унады
Өте керемет Алла Разы болсын!
Таптым іздегенімді
оте керемет олен
Өте керғмет шығарылған екен.Жамбыл Жабаев керемет ақын
Таптым , керемет олең. Енді жаттау керек.
Керемет олен маган унады.
Отте тамаша
Өте керемет Рахмет кө көп
Оте керемет
Мыхты
Өте керемет жазылған
Рахмет. Сіздерге алғысым шексіз
Өлең керемет. "Ленинградтық өренім" өлеңінің идеологиялық-мазмұнын түсіндім,білдім. Сіздерге көп-көп рақмет!!! Thank for very much!!
Керемет!
Сiздерге коп коп Рахмет!!!!!!
Оте асерлы екен коп рахмет!
Керемет
Оте. Керемет. Мен. Окыдым
Рахмет. Маған ұнады
рахмет сіздерге
өте тамаша өлең
Жақсы өлең, бірақ ұзын екен. Бұл өлеңді қанша уақыта жаттап алуға болады?
Рақмет
бұл толық нұсқасы ма?
Өте керемет.бір сөзбен аитқанда сөз жоқ!!!
Керемет өте жақсы өлең
Мағынасы терең екен
Уау кандай керемет өте жақсы жазылган
Жамбыл Жабаевтың осы өлеңі маған қатты ұнады.Сіздерге көп-көп Рахмет!!!
Таптым рахмет!
Іздегенімді таптым көп көп рахмет
Cool☺
күшті
Маган катты унады. Мен осы оленды ыздеп жур едым.
Маган бул сайт унады рахмет
Керемет
Күшті өлең
Өте тамаша өлең мен осы өлеңді іздеген едім
өте тамаша мағынас өте зор рақмет сіздерге
Супер!
кобысы 2016 жылдан, ал мен 2025????
Ленинградтық өренім!
Өте күшті!
Жамбыл Жабаевтың аңызға айналған патриоттық шедеврі: "Ленинградтық өренім!"!
Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім!» өлеңі — халқымыздың тарихи сезімін, ерлік пен патриотизмді шынайы жеткізетін керемет шығарма. Ақынның поэтикалық тілі терең мағыналы, әсерлі образдармен толықтырылған. Бұл өлең қазақ поэзиясының жауынгерлік рухы мен адамгершілік құндылықтарын сезінгісі келетін оқырманға өте пайдалы. Осындай тарихи және тәрбиелік мәні зор материал үшін алғыс!
Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім!» — қазақ поэзиясының Ұлы Отан соғысына арнаған әсерлі шығармаларының бірі, онда ақын қоршауда қалған Ленинград халқы мен жауынгерлердің батылдығына, төзімділігіне және адамгершілікке толы ерліктеріне ерекше құрмет көрсетеді.
Өлең жолдарында Нева өзенінің сұлулығы, қала құрылымы, жаумен күрестің қиындықтары, аштық пен қасіретке қарсы табандылық поэзия тілімен шебер бейнеленеді. Бұл туынды — тек тарихи оқиға туралы ғана емес, адам рухының биіктігі мен халықтың бірлігі туралы толғаныс.
Автор Ленинградты «өрен» — құрметті, бауырлас қала ретінде сипаттап, қаланың батыр кейпін, халықтың қайсарлығын жоғары бағалайды. Өлеңнің әрбір жолы оқырманға өз елін, бауырлас халықты сүйе білу, бірлік пен ерлік туралы ойлануға шақырады. ✨
Бұл шығарма — поэзия арқылы патриоттық сезімді оятатын, тарихи жадымызды сақтап, құрмет көрсететін ерекше поэтикалық үлгі.