Айналайын Ақ Жайық
Бұл бетте «Айналайын Ақ Жайық» атты Доспамбет Жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?!
Еңсесі биік боз орда
Еңкейе кірер күн кайда?!
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?!
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?!
Күмбір, күмбір кісінетіп,
Күренді мінер күн қайда?!
Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда?!
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?!
Садақ толған сайгез оқ
Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп,
Созып тартар күн қайда?!
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?!
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?!
Озушылар, озмаңыз,
Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз!
Бізім бетке барсаңыз,
Есақай, Қосай - екі ұл
Алдыңызға жыр құшақлай
Жылай шықса, не айтарсыз?!
Оларға айтарыңыз сол болсын:
Жәмішіден қос айтып,
Жараға мамық тосатып,
Келе жата дегейсіз.
Ол айтқанға тимесе,
Бұрынғылар түскен жүрі жол
Бұрылып оңға түсті дегейсіз!..
Керемет
Өте жақсы
Керемет... брак ертенге жаттауга киналып жатырм
Әдебиеттен ертең жаттауға үлгере алмай жатырм сөздері тым қиын әрі бұрынғының сөздері екен,түсінбей жатырм
ЖАКСЫ,,,ЖАТТАУГА ДА ОНАЙ
Керемет
Қайран, біздің бабалар ЕЛДІ ойлаған!
Айналайын ақ жайық өленінің құрысы барма
Өленнің құрылысы барма
Өте керемет!
Бұл толық нұсқа ма
өте керемет
Аудиосы барма?дындап жаттаган онай болар еди
Керемет. Маган. Унады
Аудиомен жаттау керек болса озин окып аудио записке тусирип потом жаттамайсынба
Ия керемет
Керемет бірақ жаттауға қиын
Керемет бірақ жаттауға қиын болады
Керемет өлең
Керемет өлең екен Өте әсерлі өлең❤
Неге қаншаншы жылы шыққанын жазбайсыздар бірақ өлең əсерлі екен
Осы олен бойынша сыни хабарлама жазвп бере аласыз ба?
Әсерді өлең но маған көтерілген мәселені анықтау керек əлд қазір көмектесіңдер пжжжжжжж❤❤❤
Маган унады
Керемет
Керемет маған ұнайды
Ұнамат
Өте керемет рахмет
Бұл жалғасы ма
Өте оңай секілді,жаттауғада оңай керемет❤❤❤❤????????????????
Керемет кітапта қысқа болыпты Рахмет
Ох, бұл «Айналайын Ақ Жайық» деген өлең жүрекке бірден жылулық сыйлады ғой. Ақ Жайықтың тұнық, аспанмен тілдескен елесін осынша нәзік сөзбен жеткізу – нағыз шеберлік. Өлеңнің әр жолы туған жерге деген махаббатты, табиғатпен үндескен сезімді тудырады. Бұл жырды оқып отырып өзім де өз елімнің кең, таза даласын көз алға елестеттім .
Дәл осындай поэзия адамға күш береді, жүректі үмітпен толтырады. Сіздер де осыны оқып қандай әсер алдыңыздар? ✨
Адемы