Өлең, жыр, ақындар

Сараң бай мен жомарт кедей

  • 21.11.2015
  • 0
  • 6
  • 31338
Малы көп бай жылайды қар жауғанда,
Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.
Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,
Әйелі шелек толы сүт сауғанға.
Малы көп бай ертемен жейді қаймақ,
Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап.
Ең болмаса, айранға тойғызса деп,
Жатса, тұрса, тілейді «а, құдайлап».
Сараң байдың үйіне қонақ келсе,
Қояды кәрі қойын ол ыңғайлап.
Кедей жомарт үйіне мейман келсе,
Жалғыз қойдың тұрады басын байлап.
Бай жалтаң, кедей калтаң, халық дархан,
Көп жердің дәмін таттық сыбай-салтаң.
Елімнің азаматын таныс қылған,
От жырым, қызыл тілім, сенің арқаң!



Пікірлер (6)

ло

маган барлыгы унады керемет екен соз жок

Асем

Керемет!

Дос

Қазақтын қайран дархан байлары ай жазықсыздан жазықсыз қырдау сендерді совет үкіметі. Мал асырап байып, елге жерге ие болып отырған байлар еді. Кедейде ес болмайды деген рас өздерін асырап отырған байларға қарсы айдап салып арты ашаршылыққа соқты емес пе.

Бекзат

Бәрі керемет маған қатты ұнады.

амина

керемет шын айткан

Перизат

Керемет жазылган олендер соз жок

Пікір қалдырыңыз

Қытайға

  • 0
  • 0

Біздің көрші Қытайға
Жапон тағы ұрынды,
Қан іздеген, аш қасқыр -
Керетін емес тынымды,

Толық

Сұр жылан

  • 0
  • 0

Ысқырды тағы сұр жылан,
Екі айыр тілі у жылан,
Бахытты бейбіт елімде
Жасырынған сұм жылан,

Толық

Кәмшат қыз

  • 0
  • 6

Кермиық Кәмшат қыздың көрдік көркін,
Қондырған шекесіне құндыз бөркін.
Секідді алтайы түлкі сылаң қағып,
Шеніне келтірмейді-ау емін-еркін!

Толық

Қарап көріңіз