Ағайын - туған есен бол
Бұл бетте «Ағайын - туған есен бол» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ел едің құт дарыған Есім - Малай,
Қыдырып қызығыңды көрдім талай.
Арқаңда үрлеп ішіп, шайқап төктім,
Қайтқалы бет түзедім елге қарай.
Кең біткен етек-жеңі ағайын ең,
Беріпті саған дәулет соған жарай.
Балаңа бесіктегі белгілі ғой,
Санатқа ілінбеген Қожан қалай?
Барармын баян қылып бәрін төске,
Пейілің, берекеңмен болар есте.
Адамның алыс жүрсе аңсары ауып,
Көруге құмартары сол емес пе?!
«Жан екен жағын сауған алармаңда»,
Артымнан мен кеткен соң солай деспе.
Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім,
Жөнім жоқ сені мақтап сөйлемеске.
Ағайын-туған, есен бол,
Алшайып атқа мінейін.
Енді айналып келгенше,
Аңсай-аңсай жүрейін.
Шүйгініңе сонылап,
Шынарыңа түнедім.
Қош, аман бол, құрметті ел,
Қадіріңді білейін!
Кушты
Мен Жамбыл атанын олендерин суйып тындаймын
Олендери магналы оте жаксы мен бала кезимнен бери жамбыл атамды жаксы коретинмын.
Жамбыл атамның өлеңі мәнді де мағыналы Жасынан әділдікті жақтап ақын деген ардақты атты қастерлеген Жамбыл атамыздың жаны жәннәтә болсын
Жамбыл атамыздын жаны жаннатта болсын
Өте күшті мағыналы ұнаиды
Әдемі бырақ көп адамдар оқымаиды
Өте керемет
Акжан мен Санжар және аидын аумин.
Жамбыл жылдың төрт мезгілінеде тақпақ жазған
Маған ұнады керемет
Атаға рахмет. Жатқан жері жайлы болсын
Иа барынеде келысемын Маган Жамбыл атанын олендеры катты унайды Жамбылдын жасын берсын Абайдын басын берсын деген ауминн!!!атага рахмет