Өлең, жыр, ақындар

Сарыбайға

  • 21.11.2015
  • 0
  • 1
  • 38839
Сареке, саллым бір сөз сыныңызға,»
Сіздің сын таразы ғой сырымызға.
Қолыма домбыра алып, талап қылдым,
Бересіз қандай бата ұлыңызға?
Жаманның көңілі көкте, жерде басы,
Алыс қой аңғарғанға екі арасы.
Жақсының өзі кішік, ойы биік,
Бірдей ме екеуінің мәртебесі?
Біреулер малмен бәрін бөктеріп жүр,
Айтқанды ақыл, нұсқа жек көріп жүр.
Көтеріп дүниенің көң-қоқырын,
Апарып қай шұқырға төккелі жүр?
Біреулер «қайтемін» деп қалтаңдап жүр,
Әркімнің аузына бір жалтаңдап жүр.
Біреулер біліп тұрып, жете алмайды,
Аяғын қандай нәрсе арқандап жүр?
Көңілі кейбіреудің бұлтта жүр,
Ұстауға күн мен айды жуықтап жүр.
Біреулер қара сөзді қамшы қылып,
Қуды мініп, құланды құрықтап жүр.
Қайсысын маған соның еп көресіз?
Әкетсем өзім таңдап, өкпелерсіз.
Сүйекемнің сүйгенін ойласаңыз,
«Өлең болсын серігің» деп бересіз!
Айрылдым арманменен қайран, Бұрым,
Айдай ед толықсыған аппақ нүрың.
Алдандым, аяғымды шалыс бастым,
Білмедім жан ашымас аға сырын.



Пікірлер (1)

Дамир

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Кеңес гвардеецтеріне

  • 0
  • 0

Тіл ұшында бір сөз бар,
Жалындана жайнаған,
Құлаққа сол сөз тигенде,
Серпіліп бүкіл денеңде,

Толық

Жаз тілі

  • 0
  • 2

Дидары жаздың жарқырап,
Жадырап күлді тағы жер:
Жасанған жасыл жау-жарақ,
Жайнады жазша жауынгер.

Толық

Пұшықтың ұрыға айтқаны

  • 0
  • 0

Шығып ем бүгін мініп көк байталға,
Кез болдым екеуіңе көк қайқаңда,
Көк байтал өзі семіз, өзі буаз,
Жануар шаба алмаса өкпе айтам ба!

Толық

Қарап көріңіз