Бата
Бұл бетте «Бата» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Әумиін» деп қолынды жай,
Қабат тусын күн менен ай,
Алғаның болсын сайма-сай,
Қапалық болмай кезінде,
Ылғи болсын мамыражай.
Қос-қостан тауып ұл мен қыз,
Мінтені болсын жорға тай,
Ертең ерте біреуі
Қойға кетсін қудалап,
Түйеге кетсін біреуі
Екі көзін уқалап.
Егін ексін біреуі
Су сағасын томалап.
Оттың басын шаңдатып,
Біреуі жатсын домалап.
Жылқы бақсын біреуі
Асауларды күделеп.
Сөз сөйлесін біреуі
Көп ішінде сүбелеп.
«Жақсы лепес - жарты ырыс»,
Ескіден қалған мақал-ды.
Соза беріп қайтейін,
Бата аяғы тақалды.
оте жаксы олендер
Мен Жамбыл Жабаевтiн олендеринен 3 сыныптан бери катысып келемин
бул сайт оте жаесы екен
Аружан
10.11.2016 19:44
Мен Жамбыл Жабаевтiн олендеринен 3 сыныптан бери катысып келемин
Жаксы сайты
Өте жақсы өлеңдер
Жамбыл атанын олендерин жаттап журмйн
Норм
Жамбыл Жабаевтың «Бата» өлеңі – қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен даналығын керемет көрсететін туынды. Бұл өлеңде отбасы, достық, молшылық пен бейбіт өмірге деген ізгі тілектер терең әрі шынайы баяндалған. Әр жолы оқырманға батаның мәнін сездіреді, жүрекке жылы тиіп, рухани азық береді. «Бата» өлеңі қазақ поэзиясының көркемдік тілін, халық даналығын, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді танытады. Егер сіз қазақ әдебиетінің шынайы рухын сезгіңіз келсе, Жамбылдың бұл шығармасын міндетті түрде оқыңыз.
#ЖамбылЖабаев #Бата #ҚазақПоэзиясы #ҰлттықМәдениет #ҚазақӨлеңдері #РуханиДаналық #ӨлеңТалдауы