Бұл бетте «Қанапия» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойламай сағат сені тұра алмаймын, Мойнымды басқа жанға бұра алмаймын. Айрылып шыныменен қалғаным ба, Қалайша ауылыңа бара алмаймын.
Жігіттер өнер үйрен заманында, Теңшілдік түгелімен өз қолында. Түрлендір шаруаңды, түс жарысқа, Талабың алға басып тұрғаныңда.
Қарашы домбыраның еркесіне, Исаның шығып алды желкесіне, Домбыра - екі ішекті, тоғыз перне, Арқаның кез болдың ғой серкесіне.
Ал, алқа, келді кезің жайнайтұғын, Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын, Өнердің қиясына шыққан сайын, Болаттай тастан табан таймайтұғын.
Жұмыскер еңбегіне сенетұғын, Болса да нендей қиын жеңетұғын, Айнымас алып күштің арқасында, Құлпыртып тұрмысқа гүл егетұғын.
Гүлденген Қазақстан кең даласы, Кен шөккен өндірісті айналасы, Ақ күміс алтын арай жент секілді Елімнің, міне, қандай тамашасы.
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі