Қалқа – Иса Байзақов

Бұл бетте «Қалқа» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7913
Бұл әннің кім біледі аты Қалқа,
Қалқаны сағындым ғой айта-айта,
Қолға алып домбыраны шырқағанда,
Тырнақтан сау қалған жоқ тарта-тарта.

Қалқаның сағынғанда салған әні,
Үзілтіп, елжіретіп толғағаны,
Сүйгенін, сүйенгенін есіне алып,
Жай таппас әнге салса кімнің жаны.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері