Төгілмелі – Иса Байзақов

Бұл бетте «Төгілмелі» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3006
Отанымның жайнаған жасыл белі,
Гүлдің исін аңқытқан қоңыр желі,
Ен табиғат ішінде еркін өсіп,
Шырқатайын әнімен төгілмелі.

Қайырмасы:
Жаңғыртайын өлеңді сөзін талдап,
Безендіріп, түрлентіп тоқсан толғап
Толқытайын әнімен төгілмелі.

Екі ішекті домбыра қолға алайын,
Аспандағы аққуға ән қосайын,
Бозбалалар үйренсін талабы бар,
Төгілмені төгілтіп бір шырқайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері