Бұл бетте «Ақерке» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
22.11.2015
0
4
7622
Ақерке, ақ күмістей сенің жүзің,
Кетер ме көкейімнен айтқан сөзің.
Ақылың айдын шалқар көл секілді,
Жанарлы қара нәркес екі көзің.
Күлкің гүл жас баланың жанарындай
Ақерке айтып бітпен құмарымды-ай.
Болса да жасың кіші, білімің - дария
Әнімді арнамайын саған қалай?!
Жас күнің жалындаған ерке тоты,
Асылдың өнер, үлгі есіл-дерті.
Шырқайын Ақеркенің айғайымен,
Өзімдей берік болсын, жігіт серті.
Мен туралы өлең шыққанына өте қатты ризамын
керемет
Маған арналған өлеңді естіп еөңілім көтерілді
Шамалы әсерлі сөздер керек ұйқастар келіспейді