Өлең, жыр, ақындар

Ұлы Арман

  • 24.11.2015
  • 0
  • 8
  • 42135
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұланның терісін
Етік қылар күн қайда?
Күдеріден бау тағып,
Сауыт киер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?
Толғамалы ақ мылтық
Толғап ұстар күн қайда?
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?
Садақ толы сай кез оқ
Масағынан өткізіп,
Басын қолға жеткізіп,
Созып тартар күн қайда?
Кертбұғадай билерден
Ақыл сұрар күн қайда?
Бізді тапқан ананың,
Асыраған атаның
Ризалықпен жайласып,
Қолын алар күн қайда?
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орнықты қара сабадан,
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген
Арғымақ туған асылды
Барыстай жал-құйрығын таратып,
Бауырынан жаратып,
Тұяқтан ұшқан тозаңын
Арқадан жауған қардай боратып,
Басын көкке қаратып,
Құлағын істей қадалтып,
Баптап мінер күн қайда?
Желп-желп еткен ала ту
Жиырып алар күн қайда?
Орма мылтық тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда?
Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дәм татып,
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол жатып,
Жауырынына мұз қатып,
Жау тоқтатар күн қайда?



Пікірлер (8)

аяулым

Маган махамбеттин кыска олен керек

Шұғыла

Енді басқаларын көрсей

Бекнұр

Автордың есіміне басу керек(Махамбет Өтемісұлы) сонда басқа өлеңдерін көруге болады

адама

керемет олен

Айдана

керемет өлең тамаша шығарған екен

Арсен

Салеметсіз бе! Осы өлеңді қалай шығармалауға болады?

Ағыбай Арсен

Махамбеттің өлеңдеріне не жетсін

Арайлым

Ұлы арман өлеңінің мағынасын қалай түсіндіруге болады?

Пікір қалдырыңыз

Мұрат ақынның замананың түріне шағарғаны

  • 0
  • 0

Бірсіндеп садақ асынған,
Біріндеп жауды қашырған.
Қорамсаққа қол салған,
Қозы жауырын оқ алған,

Толық

Өкініш

  • 0
  • 8

Толғай да толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан,
Қабырғасын қаусатқан,
Тебінгісін тесе атқан,

Толық

Еңіреу ұлы емшек боз

  • 1
  • 4

Еңіреу ұлы емшек боз
Ер мінген күні берік болсын.
Еменнің түбі сары бал
Ер ішкен күні көп болсын.

Толық

Қарап көріңіз