Өлең, жыр, ақындар

Кел, балалар, оқылық

  • 13.04.2015
  • 2
  • 65
  • 468783
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.

Істің болар қайыры
Бастасаңыз Аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен- күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Надандықтын белгісі -
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас.
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу деген шыны – ды,
Тұрған сайын шыныққан.
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан.
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әлпештеген ата–ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата–енең қартайса -
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не ғылғанда ұнайды?
Шырағым абай болгай деп,
Ата–енең жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.



Пікірлер (65)

Асел

Мына өленді өзгертіп жазған

ақбота

маған ұнады

ақбота

жақсы

Нарбол

Ыбырай атамыз мына олен жолдарын керемет жазыпты.Асиресе Ай жигиттер кушти болыпты

Нұрсұлтан

негызы озы олой адемы жазылган озгертпеген

аяа

қатесіз жаз

аяа

қатесіз жаз нұрсұлтан

Абай

Оте адеми маган онер билим бар журттар унады

Улпан

Кел балалар окылык олени унды.

Жанерке

Асел бул оленды дурыс жазылган жай гана кателеспесем 2000 жылдары озгерткен Бір аллага сиынып дегенды алып тастаган

томирис

маган осы олен катты унады

ЕРДОС

МАГАН УНАЙТ

Айша

Олендерды керемет жазган

Мансұр

Ол 25-сыныптағы емес

Мансұр

Оны олай жасамайды

Зарина

Мен бурын Ыбырай Алтынсариннин Кел балалар окылык деген оленинин кайталама создермен жазганын кормеппин

Ерлан

Зарина, енді көрдің да

Бақдəулет

Керемет.Маған ұнады.Сөз жоқ.

Елдос

Жаксы. Маган катты унады

Махаббат

Негізінде, патша үкіметі кезінде, "Бір Аллаға сиынып",- деген жолын алып тастап, шығаратын болған. Сондықтан, бұл дұрыс нұсқасы деп санаймын.

Ақнұр

Патша үкіметі емес.Кеңес үкіметі кезінде алынып тасталған"бір Аллаға..."деген шумақ.

Бегалы

Осы оленди мен немереме жаттатып журмн. Онай жаттап жатыр.

Нурай

Керемет олен

Берік

Керемет☆☆

Жан

Маған Ы.Алтынсариннің барлық өлеңдері ұнайды

Диас

Маған бұл өлең қатты ұнайды

Erlan Q.

Magynasy teren

Дидо

Маган бул олен унаиды

Каракат

Унады адеми жазылыпты

Айсулу

Мына өлең бұлай болмаған

Абзал

Керемет!

секрет

тамаша!!!

тайна

керемет!

шахноза

керемет

шахноза

керемет!!!

Аружан

Ұнамайды дұрыс емес

Аружан

МАҒАН ҰНАДЫ

Бақдəулет

Мықты маған ұнады

белгисиз адам мен адам и жан

керемет олен екен маган катты унады

АМАНЖОЛОВ ИСА

Кереметтігі соншалық есімнен аталып қалай жаздадым

Айымккл

Өлең өте жақсы жазылған
Сөздері тілге жеңіл. балалар тез жаттау ға болады

жан

кушти жазыпты

Нұрлыбек

Әрине өлең жақсы Ыбырай Алтынсарин атамыз бұл өлеңнің мағынасын түсіндірген

Мақсат Жиенбай

Өте Жақсы админ кушты

Тоғжан

Абай атамыз кел балалар оқылық өлеңін күшті тартымды қылып жазған екен және сендердің пікірлеріңе қарасам бір бірлеріңді бұрыннан танитын секілдісіңдер пікірлерің бүртурлі сондаи ақ қатесіз жазсаңдаршы

Тоқжан

Абай атамыздын өзендерінің барлығы зың

аделя

Керемет кел балалар окылык деген керемет жаксы

Сания

Керемет. Осындай дарынды болса екен балапаным.

Myrza

Өте керемет

Ая

Өте керемет, мән-мағынасы бар өлеңдер жинағы

Азамат

Қазақтың діні хақ Ислам олай болмағанда қазақтар мешіттер салғызбас еді. Ата дініміз Ислам оған дәлел совет үкіметінен бұрын жазған Ыбырай, Абай, Ахмет Байтұрсынұлының Анасына жазған хатынан, Міржақып Дулатұлының білім жәйлі жазғанынан т.б. кісілерден білеміз. Советтік атеист үкіметінде Алланы еске салатын сөздерді қысқартып алып тастап жария қылып отырған...

Айя

Өлең өте жақсы

Махаббат

Маған ұнайды

Ұлболсын

бул оте керемет таппак маган унады

Симба

Өте жақсы
Керемет

Сабина

Маган негызы ыбырай алтынсари олены катты унады

Омар Ж

Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық атты өлеңі қатты ұнайды

айару

жок

Дони

Өте жақсы керемет жазыпты

Сара

Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық өлеңі ұнады

Тоғжан

Әр сөзіне үңілу керек, бекер жазылмаған.

Алтынбек

Керемет өлең

Пікір қалдырыңыз

Өнер-білім бар жұрттар

  • 3
  • 77

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,

Толық

Жаз

  • 1
  • 38

Сәуірде көтерілер рахмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзіне қардың суы...

Толық

Қарға мен түлкі

  • 2
  • 26

Ашылып түлкі жүрді жапандарда,
Тамақ іздеп жол шекті сапарларға...
Ешнәрсені көре алмай келе жатса,
Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.

Толық

Қарап көріңіз