Көктем
Бұл бетте «Көктем» атты Сәкен Иманасов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қызыл-жасыл жалауын желбіреткен,
сел ғып өткен айнала,
келді көктем,
"Шыр айналған дүние өмірімде,
Тәңірің де менмін, деп, ендігі өктем!" -
Қолына алып патшалық бар билікті,
аспаннан да асқақтау ән-күй күтті.
Жартастарға жан бітіп,
кетті-ау дейсің
арғымаққа айналып жал-құйрықты.
Қолтығына тығыла көлді ұрғылап,
бұлдана ма, қайтеді, мөлдір бұлақ.
Шөккен түйе секілді жоталардың
желкесінен жатқандай жел бұрғылап.
Әлі қыза қоймаған құмдарды аяп,
алдияр күн артады шындарға аяқ.
Еркін еді көңілім,
Желпінеді
көктем болып кетсем деп тұрғандай-ақ!
сәкен иманасов өлеңдері керек еді
Ол кісі менің атам...мұнау соның өлеңі тоз-тоз қылып айырды да ақ қарды,көктем келіп қыр қалтасын ақтарды.Мына жақта колтыгына су бүрқып, оятып жүр бақтарды!!!
ВАУ осы олендер унайды
Баска өлең жокпа
Сындар, өлең көп