Өлең, жыр, ақындар

Мүдәррис әфәндіге жазған бір мәктубім

  • 21.09.2016
  • 1
  • 0
  • 3192
З... әфәндия жолдадым хат,
Көре алмай дидарыңыз біз бұл сағат.

Мақсудым жатырқамай жанасуда,
Жан құмар жақсыларға біздің ғадәт.

Іштегі көп хәстәні шығаруға,
Етпекте болған едік машауарат.

Сіз болып Исламның хадимінен,
Сахаби болып тұрсыз, зор мұхаббат.

Ғаламда афзал нәрсе болса мұнан,
Бір қолда болса мәгәр дәулет, һиммәт.

Ошақтың үш бұтынан тілеуменен,
Не уафа дүниеде еткен хәят.

Заманның баһадыры сіздер болып,
Орнына келгей еді еткен хәйриат.

«Таңдағы тәңіріден» деп біздің қазақ,
Жетті ғой түбімізге сол ғәфиләт.
Қараңғы бір сарайда қамаулымыз,
Есігін кім ашады бұл жәһалат?

Әлбетте өңгелері сіздің қолда
Тәуекел, не тоқтау бар? Бар да қират.

Мендағы тілек шарын салдым сізге,
Һәр іске болғай еді саләхият.

Құтқарсақ жаһилліктен қамын ойлап,
Нәсліміз оқыр бізге рақымет.

Мұбада ешбір файда ете алмасақ,
Айтпай ма сол уақытта бізге ләғнат.

Олай болса, әфәндім, ұйықтамалық,
Енді оянбай жатуымыз болар ұят.

Хайыр хош, сәләмәт тұр ғазизіміз,
Хат язғушы Мир Яғкуб ибн Дулат.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүркіт кегі (баллада)

  • 1
  • 1

Қыран бүркіт бір күні
Алып қызыл түлкіні,
Масаттанып қайтып ед,
Иесі бастап әңгіме

Толық

Қара құс һәм адам

  • 0
  • 1

Жалғанға патша баланған,
Данышпан ізгі саналған,
Аллашыл әділ адамнан,
Қайдан шықты бұл мінез?!

Толық

Жігіттерге

  • 1
  • 0

Көрген мен көрмегенде көп парық бар,
Болмайды жігіт жақсы сыннан өтпей.
Үлкенге, кішіге де ілтипат қыл,
Жатырқап еш адамды сыртқа теппей.

Толық

Қарап көріңіз