Өлең, жыр, ақындар

Сен бе едің?

  • 16.04.2015
  • 1
  • 8
  • 68000
Көтерілмей жүргенде еңсем менің,
Армандадым, біреуді көрсем дедім.
Біреу маған алыстан қолын созған,
Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Танысып та, ашынып сезімдерім,
Ұзақ таңға ұйықтамай, көз ілмедім.
Сонда мені біреу кеп әлдилеген,
Әлдилеген сәбиін өзің бе едің?!
Сері күннен жалығып, кері күннен,
Жалғызсырап кей-кейде жерідім мен.
Біреу сонда жанымнан шықпайтұғын,
Жаны бірге менімен серігім бе ең?!
Қысылтаяң сәттерде саған келдім,
Жасырмай-ақ халімді жаман дедім.
Мүңым менен сырыма ортақ болған
Адам ба едің!
Аяулы панам менің
Сен менің көтерілген еңсем бе едің?
Армандадым, өзіңді керсем дедім.
Бақыт іздеп жүр едім, сол сен бе едің?!
Арманым жоқ, алдыңда өлсем сенің.



Пікірлер (8)

Гулзада Керимхановна

Сөз жоқ. Ғажап өлеңдер. Тебірентеді. Өлеңмен тербетеді.
Ақын жоқау Мұқағалимен тең келердей. Қазіргі заманның Мұқағалиы Қалқаман Сарин деп білемін.

Қарақат

Менің пікірім Мұқағали Мақатаев атамыздың өлеңі өте көп оның ішінде ұнағаны сен бе едің Жатсындар өлеңі ұнады

ҚАЙДА ДЕЙМІН ЖАБЫҒА ЖАЛҒЫЗ ЖАНЫМ МЕН ІЗДЕЙМІН ӨЗІМ

КЕРЕМЕТҚОЙ

Марат

өлең ұнады

Сабина

16.04.2015
Маған мына өлең қатты ұнады өте керемет

Әсет

Әр бір сөзі ғажап
Мұқаң нағыз қазақ
Тербеді жанды

Әсет

Аңыз адам ғажап
Мұқаң нағыз қазақ
Тебірентер жанды
Мұндай ақын аз ақ...

Пікір қалдырыңыз

Тауда

  • 0
  • 2

Шоғыр тас, құлама құз төніп тұрған,
Қарағай басын иіп тағзым қылған.
Бар тіршілік қойнына паналаған,
Алып дене құралған ұзақ жылдан.

Толық

Зоопаркте

  • 0
  • 0

Тал өсіп тұрушы еді ақ бастауда,
Ақ шымшық қонатұғын ақбас талға.
Аңырып, шуылдасып қалатынбыз,
Ақ тұйғын ақ шымшықты ап қашқанда.

Толық

Кешке таман естігенде

  • 0
  • 1

Капитолия кешке таман естігенде атымды,
Тыңдап тұрдым, шапалақтар шау қарғалар атылды.
Сол бір түн де бақытқа әкеп бөлемеді пақырды.
Мейрамдаған кездерде де, орындалып дегенім

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер