Өлең, жыр, ақындар

Өткінші жаңбыр

  • 16.04.2015
  • 1
  • 6
  • 34711
Өткінші жаңбыр өрекпіл барып өткенде,
Үздік те создық тырнаның үні жеткенде,
Киіз үйлерге қараймын-дағы бөктерде,
Ырза боламын осы бір ырғын көктемге.
Тау бастарына тамаша бұлттар шөккенде,
Ұшырып бұлтты ескек жел алып кеткенде,
Қараймын-дағы мұрты өсіп қалған көктерге,
Ырза боламын ырыс әкелер көктемге.
Лайсаң болсын, оқыстан кейде қар жаусын,
Абыр да сабыр шаруа қайта қамдансын,
Адамдар, мейлі, алдамшы күнге таңдансын,
Сонда да, көктем, сонда да маған армансың.
Көктемнің күні көңілім менің тәрізді,
Көктемнің аты - көктем ғой, досым, жаны
Бүрін жара алмай бусанып жатқан жусаннан
Шырылдап шығып, бозторғай әне ән үзді...
Апыр-ау, мынау аңсатып жеткен көктем бе?!
Аспан да, жер де, айнала тегіс көкпеңбек.
Толассыз сағым толықсып ағып барады,
Аймалап жерді, аймалап тауды бөктерлеп.



Пікірлер (6)

...

Бұл толық нұсқасы ма?

аружан

мен Мұқағали Мақатаев
атамыз қай жылы туғаның білмимін? айтасыз ба?

Раушан

Рпхымжан

Раушан

Нөсер жаңбыр туралы эссе берыныздершы

Раушан

Отынем осы нөсер жаңбыр туралы эссе айтыпберындершы

Пікір қалдырыңыз

Қызыма

  • 1
  • 5

Қарағым!
Мен тағы үйлену тойыңа барамын.
Мен бүгін тағы да
Өзіңнен адасып қаламын, Қарағым!

Толық

Махаббат па?

  • 0
  • 3

Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да, түсірді ғой торға мені.

Толық

Таудай болғым келеді

  • 1
  • 8

Өлмесін деп берген ғой тауды маған.
Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған.
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран.

Толық

Қарап көріңіз