Еш нәрсенің керегі жоқ
Бұл бетте «Еш нәрсенің керегі жоқ» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Еш нәрсенің керегі жоқ!
Керегі жоқ, шаршадым!
Басымда ұйып тұрып алды әлемдегі бар сағым,
Өніп-өскен топырағыма апарыңдар,
Тастандар,
Тауларымды,қара суды, Қарасазды аңсадым.
Енді емделсем,туған жердің топырағымен емделем,
Ескек желмен ентігімді басқанымды жөн көрем.
Heгe керек сән-салтанат, ию-қию, той-думан,
Таудың ерке тағысымын, тағысымын мен деген.
Тіптен маған керегі жоқ, керегі жоқ еш ненің.
Белгісіз-ақ болсын, мейлі, өскенім де өшкенім.
О, киелі шаңырағым!
Айналайын астанам,
Алдыңда егер айыбым мен күнәм болса,
Өлеңдер өте керемет. Маған ұнады
"Еш нәрсенің керегі жоқ" деген өлеңінің соңғы жолы жоқ сияқты. Үтірден кейін бір жол жазылмаған.
Маған Еш нәрсенің керегі жоқ деген өлен ұнады
Өлеңдері мағыналы,нағыз ақиық ақын
Өте көп!