Жазылар естеліктер мен туралы
Бұл бетте «Жазылар естеліктер мен туралы» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,
Қылығымды ұнатқан жұлынуды.
Жақсы көрген дер мүмкін «жылынуды»
Әйтеуір қазбас былық-шылығымды.
Жоқ жанды қиған емес жамандауға,
(Сол үшін рақмет адамдарға!!!)
Білемін, әйтеуір бір замандарда,
Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға...
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз онын, бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе -
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
Қулары, таудың қызыл түлкісі дер,
Момындар, біздің үйдің кірпіші дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!?
супер
мукагали макатаевтин естеликтери барма калдырган естеликтери
Керемет
өте тамаша
керемет
Мен туралы өлең
Керемет өлең.
Күшті маған ұнады мен Мұқағали Мақатаев туған күніне Жазылар естеліктер мен туралы оленін айтамын
Күшті жазылған
Күшті жазылған мен Мұқағали Мақатаевтың кешіне осы өлеңді айтайын деп жатырмын
Мұқағалидың ең күшті, ең терең философиялық өлеңдерінің бірі. Ақын өзі туралы, өмірден кейінгі естеліктер туралы, өзінің беделі мен өлеңінің тағдыры туралы ой толғайды. Өте шынайы, өз-өзіне қарап, өзін бағалап тұрғандай сезіледі, бірақ онда ешқандай мақтаншақтық жоқ – керісінше, қарапайым, ауыр ойлы, кейде түңілген, кейде сенімді үн бар.