Үш бәйтерек бес арыс – Берік Алтынай Айбекқызы

Бұл бетте «Үш бәйтерек бес арыс» атты Берік Алтынай Айбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Елі үшін күндіз - түні толғанатын,
Бес арыс -Шәкәрім мен Мағжан ақын.
Жүсіпбек пен Міржақып және Ахмет,
Адамдар болған екен елге жақын.

Сұлтанмахмұт елінің күні еде ғой,
Дөнентаев халқының үні еді ғой .
Мұстафа Шоқай аңсап еркіндікті,
Елі үшін жанын қиған ұл еді ғой.

Сол бір шақта қиналған көпке елеңдеп ,
Бәрі ер еді елі үшін еткен еңбек .
Қазақ елін шақырған ынтымаққа ,
Бәрінде де күш берер отты өлең көп .

Тәуелсіздік бәріне болып арман ,
Ел тағдырын бәрі де қолына алған .
Ел-жұртын сүйгені үшін кінәлі боп ,
Мерт болған бәрі дінсіз тағылардан .

Тәуелсіздік таңы атып енді бүгін ,
Күні туды қазақтың елдігінің .
Қазақстан -тәуелсіз елде туған ,
Бақытты Отанымның мен гүлімін .

Тәуелсіздік келген жоқ оңай бізге ,
Сеземіз тарихқа оны қарай бізде.
Өтті ғой Желтоқсанда дауылдатып ,
Түсіріп бір көлеңке талай жүзге .

Біз -бабалар жолының жалғасымыз ,
Елдің бойда намысы бар жасымыз .
Тұрды ғой тәуелсіздік алған жылдар ,
Барлық істің басында Елбасымыз .

Еліміз азат таңды атырды енді,
Ұлы істер шын жайнатып жатыр белді.
Елбасы болашаққа бағдар беріп ,
Рухани жаңғыруға шақырды елді.

Қайта оянып бес арыс,үш бәйтерек ,
Соқты олардан санаға шын қайта леп .
Бізге бүгін бәрі де :Абай,Жамбыл,
Тұманбай,Қадір,Қасым,Сырбай керек.

Ұлттық салт -дәстүрлерге тиіп төр де ,
Бейбіт күн болсын әркез сүйікті елде .
Оятып санамызды баба рухы ,
Көк байрақ желбіресін биіктерде !!!


267 орта мектеп 7 сынып


Пікірлер (1)

гулстан

үңілдірсе тарихқа ой тереңі өлеңнің толық нұсқасын жіріңізші

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үш бәйтерек бес арыс өлеңінің авторы кім?

Берік Алтынай Айбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Үш бәйтерек бес арыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үш бәйтерек бес арыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Берік Алтынай Айбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үш бәйтерек бес арыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері