Қазақ деген халқым бар.
Етегімен көк суды кешіп жүріп,
Талай-талай ұл-қызды өсірді ұлт.
Қара басын тау менен тасқа ұрса да,
Қалдырған жоқ жетім мен жесір қылып.
"Қазақ" деген ұлының ұрпағы - біз,
Айбынды Алты Алаштың ұрпағымыз.
Көгінде самғап ұшса сұңқарымыз,
Жерінде желіп өскен тұлпарымыз.
Сенімі мен діні бір мұсылманбыз,
Басқаға татулықты ұсынғанбыз.
Дарияның жағасын қоныс етіп,
Қыран құсты биікке ұшырғанбыз.
Көгімде қатар ұшқан екі қыран,
Есіміңді өтерміз етіп ұран.
Шу мен Талас бойына хандық құрған,
Алғаш рет Керей мен Жəнібек хан.
Бабамыз - Кенесары, Абылай хан,
Айрылмаған айбынды абыройдан.
Қазыбек, Əйтеке мен Төле билер,
Жəһанда жаңылмаған əділ ойдан.
Үкілеген үш жүзге аты мəлім,
Қабанбай, Бөгенбайдай батырлардың.
Қалам ізін қалдырған тарихымда,
Махамбет, Мұқағали ақындарым.
Ұзара берсін мəңгі дара жолың,
Көбейе берсін сендей даналарым.
Абайдай ұл туар ма қайталанбас,
Қайталанбас өр тұлғаң, дара жаның.
Əлия мен Мəншүктер - арлы қыздар,
Жанымен жыр үдеткен Шəмшіміз бар.
Парижде қазақ əнін асқақтатқан,
Күміс көмей Əміре əншіміз бар.
Міне, осындай халқым бар қазақ деген,
Рухты жаным, тəуелсіз, азат денем.
Өткен шаққа салауат айта жүріп,
Болашаққа сеніммен қарап келем.
Abdikalykova
Zhuldiz byl olennin avtory Kim?
Akhanova_zhuldyz
Авторы өзім ғой!
Алтынай
Қазақтың басқа ұлттан еш айырмашылығы жоқ деп ойлаймын.
Амина
Қазақ деген халқым бар дегенге мәтін құрау
Дәулет
Қазақ деген қалхым бар