Оян
Ішімдегі бұрқыраған шерім бар,
Түрлі дертпен арпалысқан елім бар.
Наразы боп ата бабам жатқанын,
Айтайын деп бекем бүккен белім бар.
Дерт дегеннің ең үлкені арамдық,
Ағайынын көре алмаған сараңдық.
Алаяқтық сініп кеткен бойына,
Естен шығып ұмытылған адамдық.
Ақша деген көзді тірі байлаған ,
Есіл дерті тек ақшаны ойлаған.
Бала сатып ,құлға айналған сол үшін
Сол күнəсін жетістік деп тойлаған.
Бір қайғымыз педофилдер қаптады,
Заңды ұқпады ,белшесінен таптады.
Көкте Тəңір қарап тұрғой демеді
Аямады,көрге қадам аттады.
Енді бірі өгейліктің қорлығы,
Білдірмейтін,қылмыстық ең зорлығы.
Өзіңдікін өзге біреу сөйтсе егер
Басқаша боп көрінерме барлығы.
Құл қылдырған үлкен кіші ,сеніде,
Үнсіз ғана баурап алды меніде
Әлеуметтік желі деген осындай
Жоқ қой оның дауасымен емі де.
Құрттай бала қалай қосу біледі
Ашып алып бар жанымен күледі.
Қайдан білсін балапаным ол тұзақ
Кіріп алып миды соғып тіледі.
Жетім бала жесір әйел көбейді
Еркектігін алиментпен өтейді
Отбасының құндылығы ұмыт боп,
Жат əке мен "мамам"деді өгейді.
Теледидар ашып қалсаң таласың,
Көкек ана тастап жүрген баласын
Қоқыс жəшік осы күні бесік боп,
Кеткеніне тек жасаурап қаласың.
Террористтер жаулап алды жер бетін,
Атыспенен құртты жердің келбетін
Бала демей шаға демей қырады,
Сəбилердің соқпап еді жел бетін.
Бүгінгі де не арзан деп сұрашы ??
Жалған болса,басымды алып бұрашы.
Бүгінгі күн білесің бе қыз арзан
Көрсет ақша ,ашық тұрады құлашы.
Топырақты көпке түгел шашпаймын,
Бірақта мен ақиқаттан қашпаймын
Етек жиып,білім қуған қыздар бар
Олар жайлы ауыз мүлде ашпаймын
Ақылы мен көркі бірге жарасқан
Ондай қызға түрлі азамат таласқан
Ақ бар жерде қара да бар демейма
Заман осы,ақ азайып ,қара асқан.
Қарттар үйі абақтының бір түрі
1000 жылдай боп көрінетін бір күні.
"Əй перзентім келші алшы мені "деп
Күтуменен өтіп жатқан əр түні.
Парақорлық-нашақорлық туысқан,
Екеуіде көлемді ақша қуысқан.
Қайда барсаң пара сұрап тұрады ,
Нашақорда қаптап шығар қуыстан.
Тілді ұмытқан билері мен болыстар,
Өзге тілде дүкендер мен қоныстар.
Ресейге барып қалқам байқашы
Қазақ тілде сөйлеп жүрме орыстар.
Өзге тілғой заманымның талабы
Білімдіде үш тілменен алады
Шет тілдерің мида тұрсын дегенмен
Ал өз тілің жүрегіңде қалады.
Ата бабам кешіріңдер ұрпақты,
Ою түгел жойып біттік сырмақты
Бұл жазғаным дертіміздің жартысы
Абзал шығар тазалаған тырнақты.
Акжол
Мағынасы керемет!
Әсел
Өте тамаша! Қоғамдағы әлеуметтік мәселелер айқын көрініс тапқан
Алмагүл
Өлең қазіргі қоғамдағы біраз әлеуметтік мәселелерді қамтыған, бірақ кей шумақтарда өлең құрылысы сақталмаған.
akontursunbai
Гүлім ✨
Жарайсың!
❤ Жансая ❤
Қатты ұнады!