ОЯН, ЖАСТАР!!!
Бұл бетте «ОЯН, ЖАСТАР!!!» атты Айнұр Міркемел жазған жастар туралы өлең берілген.
Оян, жастар, оянатын кез келді,
Бұрынғыдай замана жоқ,өзгерді.
Әуел баста ақша болса, құндылық,
Қазіргі таң білім күші тең келді.
Біліміңді дәлелдесең, нақтылап,
Жүрек жұтсаң, тәуекел ет, бақ сынап.
Пайдаң тисе, замана мен қоғамға
Гүлденбей ме, дамымай ма шартарап?
Дарындылар заманасы дәл қазір,
Бәсекелес, өзгеріске бол әзір.
Абай айтқан ақыл, қайрат, жүректі,
Біріктірсең, болмаймысың, дөп әзір.
Әл-Фараби, Қашқариге қарасаң,
Абай атаң, Ахметтерді санасаң,
Өз дарынын дәлелдеген тұлғалар
Дәл соларды ұстаздыққа баласаң,
Арман қуып, мақсат қойып, алға бас,
Ұмтыл, самға, білімдіге жарасаң.
Елімізді қолдай білген, түсе білген араша,
Елбасының сөздері бар айтылған дәл тамаша.
"Қазақстан болашағы - қазір жастар қолында"
Дәстүр сақтап, ғылым қуған, ойлай білген жаңаша
Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.
Авторы өзім
Онда Міркемел Айнұр Мұратқызы деп жазбай - авторы өзім - деп белгілеу керек.
Өте тамаша
Маған өлең өте катты ұнады. Сіз керемет шығарыпсыз.Жастарға улгі боларлыктай
Айнұр апке менде кішкене болсада өлең шығарам. Маған өлең жазкғ көмек тесесіб ба?) өтініш
Керемет!
Барлық тот басқан қатып қалған пайдасыз ескі ойлардан арылатын кез келді, Негізі тәуелсіз елде туылған жастардың қолында болашық. Солардың ойы да өмірге деген көз қарасы да өзгеше. ОЯН, ЖАСТАР!!!
Абай-ұлттық ұранымыз.
Қазақстан болашағы - қазір жастар қолында!
Өте керемет әндер