Тәуелсіз Қазақстан – Хиуа Кушербаева

Бұл бетте «Тәуелсіз Қазақстан» атты Хиуа Кушербаева жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өмірде мынау адамға қажет жігер мен шыдам-бас талап,
Қозғалса боран,адамзат түгіл сынады сынбас тас қанат.
Әділдік іздеп ақ туын тігіп,намысын қолдан берместен,
Боранға қарсы сол жігерменен айбатын шеккен жас Қазақ.

Адамзатпыз біз,жаратқан Алла біріне-бірі тым ыстық,
Жалпыға нұрмен шашатын сәуле-төбеде күлген Күн ыстық.
Осындай айшық аспаның барда гүлденер, далаң нұрланар,
Ей,адам,айтшы жалғанда мынау емес пе бақыт-тыныштық?

Арайлы ақ таң сән беріп жерге,көңілдер ғажап күйге енді,
Жасырып қайтем,бөледі шаттық менің де мына кеудемді.
Дариға-ай,елім,Алашым менің,қуанам бүгін сол үшін,
Тәуелсіз таңның таралып нұры жайқатты сенің кеудеңді.

Өздерің барда не тәйір жақұт,мен үшін елім асылсың,
Болашақ алда,Егемен елім,әлі де бақытан тасырсың.
Көркңе сенің кір шалмас көңіл күмбезі күннің күлімдеп,
Өзіңе далам,шаттық пен бақтың құшағы мәңгі ашылсын.

Елім-ау дархан,биікке ұмтыл,тілегім таңмен таласқан,
Бұлыңғырланып көгіңе сенің төнбейді сонда қара аспан.
Тұңғиық теңіз шөктіріп сені,құлатып,жығып жатса да,
Өшпейтін шамдай жарқырап тұрған бір үміт қалды Алаштан.
Ақиқат түбін айқара ашып сол үміт бүгін ақталды,
Шарықтап көкке,жасай бер мәңгі тәуелсіз елім-Қазақстан


Пікірлер (1)

Аружан

Мықты жазылған!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсіз Қазақстан өлеңінің авторы кім?

Хиуа Кушербаева — осы өлеңнің авторы.

Тәуелсіз Қазақстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәуелсіз Қазақстан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тәуелсіз Қазақстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар