Өлең, жыр, ақындар

Жүрегім дүрс соғады..

Алаш ұлы ақиқатқа сөз берген,
Қуаныш пен қиындықты көз көрген.
Жүрегім дүрс соғады, дүрс соғады,
Ойланамын бұл қоғамды өзгерген.
Суытып руханияттан арамызды,
Ұмыттық тау тұлғалар, данамызды.
Жастарым қазақ тілін шұбарлатып,
Арсыздар улап бітті санамызды.
Бүгінімде жаным менің жылайды,
Безбүйректер қазақ үшін бір қайғы.
Нәрестесін қара түнге тастаған,
Адамдықтың заңғарынан құлайды.
Жігерсіздер алты Алашты қаптаған,
Ұлттық рухын, ел намысын таптаған.
Барша қазақ бір Алаштың баласы,
Қай баласы салт-дәстүрін сақтаған? !
Ащы суға қанығатын қазағым,
Достан гөрі уды жолдас санадың.
Бұл нәпсінің басын дереу шаппаса,
Тартар алдан көп болады азабың.
Соны ойлап жүрегім дүрс соғады,
Бұл ісімен қай қазағым оңады? !
Пасық ойдан арылмаса дер кезде,
Қайран жұртым, надандықтан солады.
Бұл сөзіме тереңнен ойланыңдар,
Ізгіліктен қашуды қоймадыңдар.
Алашым өз салтымен бақытты ғой,
Достарым, ойланыңдар, ояныңдар!



Пікірлер (6)

Айман

Тамаша. Өлең тақырыбы да, өлеңнің өзі де керемет жазлған.

damirzhaparov

Үлкен рақмет ! 

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Әсем

Жарайсың!

Шұғыла

Əрине,қазағым шұбарланып барады.Бұл өлеңіңіз сіздің дара да дана тұлға,кеменгер боларыңызға айғақ.Себебі, осы жолдардан кез келген қазақтың батыры мен сұлуы жігерленіп,намысын оята алады.Меніңше,өнеріңіз өрге жүзіп, талабыңызға нұр жаусын.
Сіздей кеменгер, Қазақ елінің мақтанышы боларлық дарынды əрі талапты Сыр ақынын дүниеге алып келген ата-анаңызға мың рахмет.Үміттерін ақтаңыз...



Сəлемнен Дарын мектебінің 6 сынып оқушысы

damirzhaparov

Рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар