Тәуелсіздік
Тәуелсіздік - азаттығы қазағымның,
Тәуелсіздік қашанда ғажап ұғым,
Бізге оңай келген жоқ егемендік.
Сондықтан да қастерлей білуді ұғын.
Тәуелсіздік үшін әркез бабаларым күресті,
Тәуелсіз ел боламыз деп бірге табан тіресті,
Қаймықпады ешбір зорлық қатерден,
Бүгін міне тәуелсіздік желі есті.
Арман болды қаншама жыл бостандық,
Қажытты әбден қанап жұртты бодандық,
Өшпес ерлік, өр намыспен келіп тұр,
Ел есігін ұрып міне азаттық.
Азаттыққа жетуде қыршын кетті,
Қайрат, Ләззат, Сәбира ер жүректі,
Ұмытпайық даңқын өрендердің,
Есте сақтау қай кездеде керекті.
Алия
Иә, тәуелсіздік оңай келген жоқ.
Модератор
Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.
Озин шыгардын ба
Или бир акыннын олени ма