Өлең, жыр, ақындар

Өзіңе сен

Қиын кезде қолын созар еш жан жоқ,
Төзім таныт, сабырлықты ұлықта.
Атқан таңды, батқан күнді көріп-ақ,
Өмір сүру керектігін ұмытпа!

Түсінбесе ешкім сенің жаныңды,
Танытпаса жылы шырай, қылық та
Қолға алып, өз-өзіңді есің жи,
Алда әлі жақсы барын ұмытпа!

Сын айтатын, мін айтатын халық бар,
Ол сөздерді көңілге алма, қызықпа.
Сүрінуің көп жандарға бір белес,
Тағы біреу шын қуанарын ұмытпа!

Біреу кетсе, қайтып келер ақыры,
Болсаң мейлі сен отызда, қырықта.
Құшақ жайып, күлімсіреп қарсы ал да,
Сендей жанның жоқ екенін ұмытпа!



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз