Соңғы жапырақ

Бұл бетте «Соңғы жапырақ» атты Ерсайын Ермек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Таланып қалған талдар тұлғасы мың,
Қыс келер, ызғар басқан сұлбасының,
Жалаңаш ағашта тұр, жалғыз өзі,
Соңғысы түспей қалған сырғасының.

Қыс ұрлықшы, көркін қайтып бермес пері,
Айналып, өткен өмір келмес кері,
Шақырып жатса қанша барғысы жоқ
Өзінің, жерде жатқан жерлестері.

Неге тұр, үзілмей тұр, күткені не?
Мойымай белің аяз бүккеніне.
Жаз өмірін ойлайды, мәз өмірін,
Дегендей осы жерден біткені ме?

Жас өмір, жасыл өмір, аңсағаны,
Соны ойлап, таңырқайды, тамсанады.
Тағдырын алаңдаймын, қатты тұрса
Тамырын үзіп түсер таң самалы.

Өмірге келді, көрді, қоңыстады,
Енді оны қабылдамас қоңыс тағы.
Бүгінде жалғыз қалып, күресіп тұр,
Сарбаздай, соңғы қалған соғыстағы.

Жүре бердім, жол бағытын бұрмайын деп,
(Жел тұрды, жалғыз жаның ұрлайын деп),
Кете бердім, өмірмен өтіп жатқан,
Ұзақ қарап күреске тұрмайын деп.

Қар да борап,
Аппақ тоның ала жапты,
Малынып мамықтарға дала жатты.
Соңғы рет қарап едім, тоқтай қалып,
Жапырақ желмен кетіп бара жатты.


Пікірлер (2)

Күнсұлу

Әдемі жазылған

Нұрбек кластас )

Жақсы шыққан екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соңғы жапырақ өлеңінің авторы кім?

Ерсайын Ермек — осы өлеңнің авторы.

Соңғы жапырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соңғы жапырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерсайын Ермек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соңғы жапырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер