Қазақстан табысының тарихы
Туған елдің табысы ерен бүгін,
Танытуда әлемге кемелдігін.
Барша ұлттар шынымен мойындауда,
Қазағымның тарихы тереңдігін.
Қазақстан даңқы алысқа таралуда,
Бейбіт сүйгіш ел болып саналуда.
Елбасының айтқан әрбір ұсынысы,
Үлкен-үлкен мінберде қаралуда.
Жұрт қызыға қарайды елімізге,
Асты-үсті құт қонған жерімізге.
Талай қилы заманды бастан кештік,
Ешкім бөгет бола алмас енді бізге.
Тату тәтті күн кешкен халқымыз бар,
Ғасырлармен ұштасқан салтымыз бар.
Ақыл мен парасаттың жемісіндей,
Жаһанда құны биік нарқымыз бар.
Үлкенді сыйлау деген құндылықты,
Әрбір жас бұлжымастай ұғыныпты.
Мемлекет табысының бір себебі:
Жұмысты атқарамыз тыңғылықты.
Барлық ұлт татулықпен жарасуда,
Елімнің қабырғасын қаласуда.
Осындай ынтымақтың арқасында,
Нық қадаммен шығамыз әр асуға!
Зерек боп өсіп жатыр ұл-қызымыз,
Спорт пен өнерде мол жұлдызымыз.
Ұлдармен ұлағатты ұлық болсақ,
Қыздармен қызғалдақтай қырмызымыз.
Қарттарым айта жүрер ақылдарын,
Шешен сөз, мақалы мен нақылдарын.
Тарихи тұлғаларды құрметтейміз,
Алаштың хандары мен батырларын.
Елбасы жасап отыр көрегендік,
Тұғырын нықтай түсті егемендік.
Сындарлы саясатпен алға озып,
Жаһандық жиындарды төреледік.
Халқымыз аз болса да сан жағынан,
Көп елден алға шықтық бар жағынан.
Орыс, қытай, өзбек, қырғыз, түркімендер-
Бес көрші қоршап жатқан жан-жағынан.
Бәрімен тең саясат ұстануда,
Жұмыссыздық жыл сайын қысқаруда.
Қоғамға пайдасы аз кей пенделер,
Халықтық қошеметтен тыс қалуда.
Қарыштап дамып жатыр өнеркәсіп,
Әр зауыт, фабрика - елге нәсіп.
Ғылым мен техника да өрге басса,
Жас ұрпаққа отырғаны нұрын шашып.
Қазақстан айбынды астығымен,
Нан қадірін біледі жас күнінен.
Еуропа жылдан-жылға қартаюда,
Біздің ел сұсты бүгін жастығымен.
Жақсы іс бастау алар Астанадан,
Тұрғындар қамтылуда баспанамен.
Мемлекет символына айналып тұр,
"Алтын адам"- мәңгілік асқақ адам!
Құт-береке дарыған халқымызда,
Қонақжайлы ғұрып бар жалпымызда.
Үлкендердің қуанып айтар сөзі:
Ақылды ұрпақ келеді артымызда!
Осындай елде бүгін тұрудамыз,
Бейбіт өмір бағасын ұғудамыз.
Қазір бізді Жер шары мойындайды,
Ойлап көрсек, кім едік бұрында біз?
Қайралған сан ғасырлар намысымыз,
Қазақстан - Орта Азия "Барысымыз".
"Ұлы Дала елі" деген атау құт боп,
"Мәңгілік елге" айналсын табысымыз!
Мен сенем бақытты таң атарына,
Сенімді құрбы-құрдас, қатарым да.
Алашым күні ертең ақ атой салар,
Дамыған отыз елдің қатарында!!!
Дəулет
Өкінішке орай жұмыссыздық жыл сайын көбеюде