Қыранша өмір сүрейік! – Аманжол Рысмендиев

Бұл бетте «Қыранша өмір сүрейік!» атты Аманжол Рысмендиев жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Үлкендер, орта буын, жастар жағы,

Қанша болды бізге өмір басталғалы?

Жігерсіздік, ойсыздық отан болып,

Таюда қанша адамның бастан бағы.

Қайсарлықпен арманға жете біліп,

Жазылған дараланып дастандары.

Бабаларды ұрпағы ойландырған,

Тәуелсіздік болып бір басты арманы.

Ел боп тұрмыз еңсесі еңкеймейтін,

Сезіледі ерліктің астан дәмі.

Бабалардай намысшыл болайықшы,

Қырандай қалықтаған аспандағы.

Намыс қайда, күш қайда, жалын қайда?!

Беріліп ұрпағы жүр уайымдарға,

Ұрпағы жүр «өс» десең сылтау айтып,

Ұятың қайда, қазағым, арың қайда?!

Қырандай тәуекелге бел байласаң,

Алам деген асулар алынбай ба?!

Сеніміңе жігерді серік етсең,

Қорқынышың, күдігің арылмай ма?
Үлкен-үлкен істерсіз мәз боламыз,

Толғанына томпиып қарын майға.

Ойланбастан ұйықтаймыз түске дейін,

Арманың ұрып тұрар дабыл қайда?!

Өмір өтті деп кейде қапаланып,

Өкінеміз, өксиміз жата қалып.

Мәз бола, балам бар деп қуанамыз,

Өзінше бір «Әке» деп атақ алып.

Тәрбиесі баланың ойлантпайды,

Ұмытқанбыз міндетті ата-аналық.

Қыран болмай, өзіміз үлгі болар,

«Қыран бол!»деп, береміз бата барып.

«Әке үлгі ұлына болсын» деген,

Ұлы халық, қазақтай ата халық.

Қырандай биіктерде самғайықшы,

Жетістік пен иманды қатар алып.

Сөзбен емес, іспенен тасқындайық,

Орындалсын шын борыш ата-аналық!!!


Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Айнара

нағыз ақын екенсіз

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыранша өмір сүрейік! өлеңінің авторы кім?

Аманжол Рысмендиев — осы өлеңнің авторы.

Қыранша өмір сүрейік! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыранша өмір сүрейік! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қыранша өмір сүрейік! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері