Мәңгілік ел – мұратым – Қабдрахманова Айжан

Бұл бетте «Мәңгілік ел – мұратым» атты Қабдрахманова Айжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тарих беті шым-шымдап сыр ашады,
Бір құпия біріне ұласады.
Шыныменен мен туған мына мекен
Болғаны ма түркінің түп ошағы?

Небір дана, кемеңгер, небір батыр
Арийдың да, ғұнның да ізі жатыр.
Ұрпақтары тәу етер берелімнің,
Топырағында сақтың да ұлы жатыр.

Сайын дала төсінде сайрандаған,
Қарсы келген дұшпанын ойрандаған.
Қуат алды-ау, тәңірден тауға келіп
Тәнін көмді тауға кеп қайран бабам.

Тәнін көмді, ал рухын құлатпады,
Рухы аспанда мәңгілік тұрақтады.
Жанын көкке ап кеткен иесінің
Алтай мүйіз, қанатты пырақтары.

Көк аспанда самғаудан жалықпаған,
Қыран болып өр рухы қалықтаған.
Ұлы бабам, қазағым, алты алашым,
Ұрпағыңа сезілді-ау анық бағаң.

Қисса, дастан, аңыз, жыр дала тұнған,
Даналықтан, өрліктен жаратылған
Еркіндік пен кеңдіктің өлшеміндей,
Атам қазақ, айрықша-ау дара тұлғаң.

Кең далама кімдер көз салмап еді,
Қанша апаттан тәңірім қорғап еді.
Тарих бетін ақтарсақ, дәл осындай
Ғажап өмір қазақта болмап еді.

Жиырма бес жыл. Ұйыған ұлы дала,
Даласы –егін, ойы-мал, қыры-қала.
Өркениет есігін айқара ашты,
Қайсар рухты қазақтың ұлына да.

Мәңгілік ел-бабамның арманы еді,
Баба жолын баласы жалғап еді.
Бар үмітпен, сеніммен тарттым алға,
Уа, тәңірім, әрқашан қолда мені.


Пікірлер (2)

Модератор

Автор деген жерге олай жазу керек емес, Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Салтанат

Жаса Қазақстан!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгілік ел – мұратым өлеңінің авторы кім?

Қабдрахманова Айжан — осы өлеңнің авторы.

Мәңгілік ел – мұратым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгілік ел – мұратым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қабдрахманова Айжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәңгілік ел – мұратым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар