Оян, ойлан!
Оян, ойлан,
Уақыт өтіп, өмір өтіп барады,
Әрбір күнің тіршіліктің парағы.
Жай оғының жарқылындай-адамзаттың санасы,
Керуен-көш дәуір емес баяғы.
Оян, ойлан,
Мына ғасыр ақпараттың ғасыры,
Алтын-күміс керек емес асылы.
Жер мен көктің арасына жол салған,
Өнер сүйген, білім сүйген, адамзаттың ақылы.
Оян, ойлан,
Заманыңның сен де күйін шерте біл,
Оқы, үйрен, ғылым тілін ерте біл.
Туған елдің туын мәңгі тік ұстап,
Ізгілікке, жақсылыққа жас ұрпақты ере жүр!
- Есбол Бозан
- Есбол Бозан
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі