Өлең, жыр, ақындар

Адамгершілік

Білім – ғылым жақсылыққа бастаған,
Ар – ожданың адамдықтан аспаған.
Ақыл-сана аз да болса толар деп
Әр күн сайын жан кітабын жастанам.

Ұмтылғайсың тек биікке белеске,
Ермегейсің қызық атты елеске,
Бойға сақтап әдептілік, ар-ұят.
Тыңда ұғын, құлақ асып кеңеске.

Сыйлағайсың ата-ана,бауырды,
Ана деген ұлағатты қауымды.
Төрелігін айтып саған әй дейтін,
Әке деген айбарыңды дауылды.

Бойға керек намыс,ұят қасиет,
Аталардан қалған асыл өсиет.
Жігеріңмен жеңерсің бәрінде,
Болса санаң ,жүрегіңде ақ ниет.

Абай атам айтып өткен ақылды,
Жамбыл бабам жырлап өткен нақылды,
Бойға жинап тек биікке ұмтылу,
Әрбір жастың Алла берген бақыты.



Пікірлер (10)

Назерке

Авторы кім?

Аидана

Өте керемет өлең жолдары авторы кім

Дони

Ұлпан Тажибаева деп тұр емес па?

Мейрамбек

Биікке ұмтылуды доғармау керек

Акбота

Кімнің өлеңі? Өлеңнің авторы кім?

Ерхан

Акбота, Ұлпан Тажибаева деп тұр ғой

Myrza

Өте керемет

Улпан Тажибаева

Авторы мен. Үлкен рахмет сіздерге!!! Негізі өлең жазбай кеткенмін. Сіздердің пікірлеріңізден шынымен күш - қуат аламын.

Улпан Тажибаева

Ауылым өлеңін оқысаңыздар өте керемет жазылған.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз