Көңілім
Бұл бетте «Көңілім» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілде дауыл.
Көңілде оттар жанады.
Қуаныш-қайғы бірін-бірі жабады.
Жүрегім сонда жадырап, сергіп қалады,
Дауыл мен оттан рақат, дамыл табады.
Достарым көп-ақ.
Өзімсіп кейде сатады.
Жұбатып бірі, жылатып бірі жатады.
Жүрегім сонда неліктен шиыршық атады?!
Қалайды-ау, сірә, қуаныш, әлде... қапаны...
Қуаныш, бақыт, өкініш, қайғы - бәрі де ой,
Көтере берем
Көңілім - жердің шары ғой.
О, дарқан көңілім!
Өмірімнің тозбас сәні ғой!
Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды,
Ақылымның есігінен аттай бере жығылды.
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап,
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау зығырды.
Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім,
Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім.
Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма,
Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің.
Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын,
Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайьш.
Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын,
Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын.
Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.
Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал,
Қалғандарын құлан жортпас құла дүзге лақтыр!
Өте тамаша өлеңдер екен əсіресе көңілім өлеңіс
Жас күнімнен Мұқағали ағаның өлеңдерін сүйіп оқимын,жатқа айтам. Көңілім өлеңі қазіргі көңіл күйіме дөп келді. Мына заманда кейде достарымды түсіне алмай қалам. Мұқа ағам да, осындай жабыққан сəтінде жазған болар.Өлеңдері керемет. Жүрегіммен ұғынам, түсінем. Дара ақын...
Өлеңдері өте өте керемет
Маған адалдық мейірімділік адамгершілік туралы керек осылардың біреуінен
Маған қатты ұнады!!!!
Өтеееееее керемет
Маған өлең ұнады
Оте керемет дара акын журекти тебирентеди
Олжаз жанындай
Көңілім ай