Сайтқа кіргеннен кейін, сайттың оң жақ жоғарғы бұрышында Логиніңіз және Материал қосу деген сілтемелер пайда болады. Сайтқа материал қосу үшін осы Материал қосу деген сілтемені басасыз. Бұл сілтемені басқаннан кейін төмендегі суретте көрсетілгендей сілтемелер ашылады:
Суретте көріп отырғаныңыздай Өлең қосу сілтемесі ең бірінші тұр. Сол сілтемені бассаңыз өлең қосу беті ашылады. Суреті төмендегідей:
Тақырып деген ұяшыққа - өлеңнің тақырыбын жазасыз.
Өлеңнің алғашқы 4 қатары деген ұяшыққа - өлеңнің алғашқы 4 қатарын жазасыз.
Өлеңнің толық нұсқасы деген ұяшыққа - өлеңнің толық шумақтарын жазасыз.
Авторы өзім деген белгіні, егер өлең сіздің өлеңіңіз болса, белгілейсіз. Бұл белгіні белгілеген уақытта, бұдан төменгі Автор деген ұяшық көрінбей қалады.
Жазудың үстін басу керек (суреттегідей)
Автор деген ұяшыққа - егер өлеңнің авторы сіз болмасаңыз (мысалы Ахмет Байтұрсыновтың өлеңі), осы ұяшыққа өлеңнің авторын жазасыз (мысалы Ахмет Байтұрсынов). Бірінші Есімі сосын Фамилиясы. Енгізерден алдын, міндетті түрде сайтта бар жоғын бір қарап алыңыз.
Ілмек деген ұяшыққа - өлең туралы ілмек жазасыз, өлеңге қатысты сөздер. Ілмек = тег. Мысалы: егер өлең отан туралы және авторы Мұқағали Мақатаев болса, бұл ұяшыққа Отан туралы өлең, Мұқағали Мақатаев өлеңдері деп жазуға болады. Ілмектер үтір арқылы жазылады. Мысалы: отан, ел, жер
Ілмектер барынша қысқа-нұсқа болуы керек, дұрыс жазылған ілмектер жарияланған жазбаның көп оқылуына ықпал етеді.
Ұяшықтардың барлығын толтырып болған соң, Жариялау батырмасын басып, өлеңді жариялайсыз.
Төменде толтырылған ұяшықтардың суреті:
Жариялау батырмасын басқананн кейін, автоматты түрде осы қосылған өлеңнің бетіне өтесіз. Төменде суреті:
Суретте Қалам және Қоқыс жәшігінің суреті белгіленген. Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, осы "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз. Ал өлеңді өшіргіңіз келсе, "Қоқыс жәшігін" басасыз.
Artaza. Aidona
Aglwn tiln uirenu msal w hi wq zx os sozder kalai oklat son uirenu. bolsa jberesderma
Досыбай Нұрлыбек
Тәуелсіздік тілегім
Қазақ елім, менің асқар белесім
Тілім ұшқыр жетелеп мені келесің
Кең әлемге танымалсың қашанда
Тәуелсіздік осы сенің жемісің
Аялайық күш қуатты жастардан
Болды күндер қиын қыстау басталған
Егемендік жиырма жылға жол сілтеп
Патриоттық шын сезімді тастаған
Жусанды дала, жайлауымда тілектерім
Алтындай қымбат болсын жүректерің
Шет елдік жарыстардың мінбесінде
Желбіресін көкте туым білектерім
Қазағымда, Астанамда жайнасын Бәйтеректе
Дамыған біз халықпыз ертеректе
Жер ұйықты аңсатты жиырма бес жылым
Болайық Елбасымен бір тілекте
Ғалым Берікұлы
Тіркелдім, өлең салдым сол өлең қайда жарияланады? Өзге адамдар оны қалай оқи алады?
Өлеңдер бөлімінде: Өлеңдер
Galim_b
Ғалым Берікұлының өлеңдерін оқи жүріңіздер
Galim_b
Жазылған өлеңдерді Google-ге шығарастарма Админ?
Модератор
Барлық іздеу жүйелеріне шығады (гугл, яндекс т.б)
Модератор
Құрметті достар!
Сайысқа қатысу үшін, - next - ілмегін ұмытпаңыздар.
Балжан
Next ілмегін қалай пайдаланады
Модератор
Жоғарыда толық жазылған : ілмектер үтір арқылы жазылады. Ілмектер мəтінге қатысты кілт сөздер. Сол кілт сөздің арасына next деп қосып қоясыз. Мысалы: отан, ел, next, жер, деп.
Разия
Салеметсiздерме мен бул сайттi тусiнбей турганым озiм жазган олендi калай жiберуге боладi калай сайыска катысуга боладi
Модератор
Разия, жоғарыда сайтты қолдану жөнінде нұсқаулығы бар сол жерден толық қарауға болады немесе сұрақтарыңызды bilimall.kz@gmail.com - ға жазыңыз.
mendi
осындай жақсы сайт үшін сайт әкімшілігіне рахмет! Өлеңдерімді жариялап, бәйгеге қатысып, бақ сынамақпын... "Өлеңге әркмнің де бар таласы" деп Абай атамыз айтқандай, танылмай жүрген таланттарды ашуға себепші болып отырғандарыңыз үшін рахмет! Шығармашылық табыс тілеймін!
altynai185
Сайт әкімшілігіне рақмет !енді өз шығармаларымды жариялап тұрамын ..Мен де өз бағымды сынайын деп бірінші рет қатысып отырмын .Танылмай жүрген таланттар осы бәйгеде оза шабады деп ойлаймын . Бәріңе сәттілік тілеймін ! Берік Алтынай Айбекқызы.Қызылорда қаласы .
Әділхан
Шығармаларымды интернетте бір жерге жариялап жинайтын сайт іздеп жүр едім жақсы болды.
Ситора
Өте керемет екен! Алға
Береке
Бұл сайтқа қалай тіркелсем болады тіркеле алмадым
Арай
Ситора, нұсқаулықты пайдаланып көріңіз, сол жерде барлығы жазылған
shibyrek
Қанша өлең салса болады,кеше бір өлең салып ем шықпаты
Дастан
Shibyrek, Ұлыма өсиет деген өлең тұр ғой. Салаберуге болады.
Құралай Ерлікқызы
"Айтабер!" танымдық блог тұғырына ұқсайды екен
Нұрлыбек
Тіресіппіз, күресіппіз сан ғасыр
Қазақ елім асқар тауым белесім
Жүрегімде қалды сенің елесің,
Сан ғасырлық тарихымның куәсі
Өткен өмір зерттеп мені келесің
Аязды күн, аязды түн өткенде
Ашаршылық кең далама жеткенде,
Қызылдар мен ақтар болып бөлініп
Ойран салып ауылдарды кеткенде
Ақ пен қызыл аямады қазақты
Көрді жұртым қара ниет азапты,
Ауыр жылда құрбан болды жазықсыз
Шет ел асып ұрпақтары тарапты
Құжаттарды талдап бүгін қарасақ,
Ресей асып, Қытай асып тарасақ
Тіресіппіз, күресіппіз сан ғасыр,
Талып жетті содан бізге болашақ Авторы: Досыбай Н.Ж.
Dos
e mail - men tirkele almai zhurmin
Тіркеле алмай қойған адам
Тіркелейік десек поштаға хат келмей қойды сол бойы