Қолөнер - зор өнер (1) — Салт-дәстүр – қазақтың ұлттық мұрасы тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.
"Шебердің қолы алтын", - дейді атам қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтарының бірі - оның қолөнері. Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көз жауын алатындай бұйым жасаған, асыл тастардан сән бұйымдарын соққан, сүйек пен мүйізді, шиді қиынынан қиыстырған халық шеберлерінің ісі - мақтауға тұратын өнер туындысы.

Қолөнер - халықтың өз қолымен жасайтын, ұлттық мәдениет пен өнер туындысы
Дәуіт - пайғамбар, ұсталар мен шеберлердің пірі.
Ұста - темірден заттар жасайтын шебер.
Зергер - асыл тастардан, алтын, күмістен бұйымдар жасайтын шебер.
Тігінші - киім тігетін шебер.
Етікші - аяқ киімдер тігетін шебер.
Үйші - киіз үй сүйектерін жасайтын шебер.
Өрімші - қайыстан ат әбзелдерін жасайтын шебер.
Ерші - ер шабатын, шеберлер тілімен айтқанда "ер қосатын" адам.
Ағаш шебері - ағаштан заттар жасайтын шебер.
Бәдізші - тастан түрлі пішіндер, заттар жасайтын шебер.
Тоқымашы - тоқыма бұйымдарын жасайтын шебер.
Миясар - өнердің бірнеше түрін игерген шебер.
Ара - ағаш, темір кесетін тісті аспап.
Асқақ темір - бір аяғы ұзын, бір аяғы қысқа циркуль тәріздес өлшеуіш, әрі ою салатын құрал.
Бақауыз - темірді соққанда ұстайтын тіссіз аспап.
Балға - соғатын, қағатын аспап.
Бұрғы - ағаш тесетін құрал.
Біз (бігіз) - етікші құралы.
Білтегіш - тоқымашының тоқу құралы.
Жонғы - ағаш қабығын жонатын құрал.
Ине - тігін құралы.
Жуалдыз - үлкен ине.
Көземел ине - көзі үлкен ине.
Инелік - ағаштан, сүйектен жасалған ау тоқитын құрал.
Тебен - қалың бұйымдар (текемет, киіз) тігетін үлкен әрі жуан ине.
Егеу - темір егейтін құрал.
Мәймөңке - ұшы қисық ине. Терме жібін теретін қайқыбас кішкентай ағаш.
Сыдырғыш - өрімшінің өрімді тегістейтін сүйектен, қатты ағаштан жасалған құралы.
Сабау - жүн сабайтын ұзынша жіңішке ағаш.
Сояу - талдырма киіздерді жөрмейтін, тігетін сүйектен, ағаштан жасалған иненің бір түрі.
Сүргі - терінің көк етін алатын, ағашты тегістеп өңдейтін құрал.
Кескір - темір кесетін құрал.
Көрік - ұстаның шоқ үрлейтін құралы.
Кемпірауыз - қышқаштың бір түрі, ұста құралы.
Қышқаш - өңделетін, жасалатын затты тістеп тұратын құрал.
Қайрақ - құралдарды өткірлеу үшін оның жүзін қайрайтын тас.
Назар аудар:
Бұл бетте тақырыпқа қатысты негізгі түсіндірме, мазмұн және пайдалы деректер берілген. Материалды толық оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.
Бұл материал осы бетте толық жарияланған. Мұнда тақырыпқа қатысты мазмұн, түсіндірмелер және қосымша байланысты сілтемелер берілген.
Арайлым
Колонерге кызыгындар
Кәмшат
Орфография мәтін қолөнер-зор өнер
Инабат
Биссер:ол моншақтардан тоқылған əдемі əшеки бұйымдар