Өлең, жыр, ақындар

Көлігіңіздің радиаторын безендіріп тұрған белгі нені білдіреді?

Көліктердегі логотиптер жай ғана дизайнерлердің ойларынан шығарған туындылары емес. Әр эмблема – компания иесіне маңызды болған дәстүрлер мен жайттарды бейнелейтін көп жылдық еңбектің өзіндік бір нәтижесі.

Автокөліктерді ежелден эмблемалармен және мүсіншелермен безендіретін. Бұл жалтырауықтарға бала-шаға өш, жұлып кетеді. Әр эмблеманың өзінің құпиясы, шығу тарихы бар. Радиаторыңызды безендіріп тұрған вензель қалай пайда болып және бір ғасыр алдын қандай болғанын бәлкім білмейтін де шығарсыз...

Alfa Romeo

Эмблемадағы қызыл крест пен айдаһар Милан герцогтарының Висконти,отбасымен байланысты. Крест Висконти отбасының елтаңбасы болған, ал айдаһарды аңыз бойынша V ғасырда Висконти отбасының арғы атасы өлтірген.

 

BMW

Ең бірінші эмблема 1917 жылы пайда болып, айналып тұрған пропеллерді бейнелеген. 1920 жылы пропеллерден дәстүрлі бавар түстеріне (ақ және көк) боялған, төрт бөлікке бөлінген шеңбер ғана қалды.

 

Citroёn

Инженер Андре Ситроен кәсіпкерлік мансабын беріліс қораптарын жасайтын зауыттан бастады. Бұл қораптағы тегершіктер жақсы тұтасу үшін шеврон түрінде арнайы тістері болды. Олардың бейнесі компанияның эмблемасына айналып, принципті түрде еш өзгертілмеді.

 

Ferrari

Артқы аяқтап тік тұрған аттың бейнесі ең алғаш итаяндық шебер ұшқыш Франческо Баракканың фюзеляжында болды. Ұшқыш 1918 жылы қаза болады, оның анасы символды Энцо Феррариге қолдануға ұсынады. Эмблемадағы сары түс көліктер шығарылатын Модена қаласының түсі.

 

Nissan

 

Эмблеманы безендірген алғашқы шеңбер қызыл түсте болып, көтеріліп келе жатқан күнді бейнелеген. Ал тіктөртбұрыш көк түсте болып аспанды бейнелеген. Компания қызметкерлері бұл бейнелер «адалдық жетістікке жетелейді» ұранының көрінісі дейді. Алайда қызыл мен көк түстер уақыт өте келе суық металлға орын берді.

 

Mitsubishi

Үш  алмас компания құрушысы Ятаро Ивасакидің ата-тектік таңбасынан алынған. Көліктің атауы да осыдан: «мицу» жапон тіліне «үш», «биси» — алмас. Алмастар  адалдықты, қоғам алдында жауапкершілікті, халықтар арасында түсінушілікті бейнелейді.

 

Mercedes-Benz

Фирма 1926 жылы Карл Бенц пен Даймлер Готлибтің компанияларының қосылуынан пайда болды. Даймлердің қойған үш жұлдызы үш ортадағы (жер, су, ауа) артықшылықты бейнелеген. 1937 жылы жұлдыз шеңбер ішіне орналастырылды (одан алдын онда  «Бенцтен» гүл тәжі болған).

 

Opel

Шеңбердегі найзағай 30-жылдарда аңыз болған Opel Blitz Тур 3,6 еске түсіреді  (неміс тілінде найзағай - Blitz). Одан алдын фирманың белгісі қарапайым болған, Opel жазуы бар көк сопақша, кейінірек торпеданың суреті қосылды. Ал ол өз алдына кейін найзағайға ауыстырылды.

 

Peugeot

Арыстан компания өнімінің қуатын бейнелейді. Сонымен қоса Бельфорда орналасқан арыстан монументі де эмблема болуға септігін тигізді. Peugeot зауыттары Бельфор аймағында орналасқан. Монументті Огюст Бартольди (Бостандық ескерткішінің авторы) орнатқан. Монумент 1871 жылғы немістердің қаланы қоршауларының сәтсіздігін еске түсіреді.

 

Porsche

Фирма Штутгарт қаласында орналасқандықтан, эмблеманың ортасында қаланың таңбасы және жылқы бейнеленген (қала жылқы өсіретін зауыттың орнында құрылған). Мүйіз бен жолақтар — Штутгарттың астанасы Вюрттемберг герцогстігінің таңбасы.

 

Renault

32 жыл бойы логотип болмаған.  1922 жылы торға орналастырылған Renault деген жазуы бар дөңгелек белгі пайда болды. Белгіні клоксанға орналастыратын, ал тор дыбыстың шығуына септігін тигізетін. 1924 жылы торды ромбы тәріздес жасағанда, эмблеаның формасы да өзгерді.

 

Rover

Қалқан түріндегі эмблема ең алғаш велосипед  рамаларында пайда болды. 1904 жылдан компанияның ең бірінші автокөлігіне орналастырылды. Эмблемадағы жапырақтармен көмкерілген кеме, ағылшындардың ата-бабалары болып  табылатын викингтарды еске салады.

 

Subaru

Эмблемадағы жұлдыздар Үркер (Subaru жапон тілінде) шоқжұлдызын бейнелейді. Басқа атауы — «Жеті апалы-сіңлілер», ежелгі грек титаны Атластың жұлдызға айналған қыздарына қатысты.

 

Toyota

Үш  эллипс 1989 жылы пайда болды. Тік және көлденең эллипстар  «Т» әрпін құрайды, үшінші эллипс «дамытудағы құру рухын» бейнелейді. Эллипстарды қоршаған бос кеңістік «болашақ мүмкіндіктер мен технологиялардың дамуын» бейнелейді.

 

Volkswagen

Алғашқы компанияның эмблемасындағы Volkswagen зауытының жанында орналасқан  Вольфсбург қорғанының елтаңбасы бейнеленген. Кейінірек елтаңба алынып тасталды да, эмблемада W әрпі пайда болды. Әріп шеңбермен қоршалды. Эмблеманың бейнесі қазіргі таңда да сол қалпында қалған.

 

Volvo

Автозауыттың ең бірінші шыққан көлігі  Volvo Jakob-ң эмблемасында радиаторда қиғаш жолақша, шеңбер, жебе (астрологияда Марстың белгісі) бейнеленген. 1975 жылы шеңбер алынып тасталды да тек VOLVO деген жазу қалды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (7)

Азамат

Хонда кайда(((((

Дайана

Рахмет

Айым

Қызықты мәліметтер үшін көп-көп рақмет

Алмат

Өте жақсы мәлімет екен

Динара

РАХМЕТ!

Бикош

Казактар машинанын донгеленде шыгармын жок шыгараалмаитытда шыгар

Әсем

Бикош не дейсің?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар