Антибиотикті қажетінен көп қолдану – зиянды — Денсаулық бөліміндегі материал.
Материал — Антибиотик, Бактериялар, тамыр, денсаулық — осы тақырыптарға байланысты.
Стэнфорд және Вашингтон университеттерінің мамандары ескертеді:
Антибиотиктер ауруларға қарсы күрес жүргізу кезінде, адам денесіндегі пайдалы бактерияларға зиянын тигізеді. Антибиотикті шамадан тыс, тым көп қолдану адам денсаулығына ұзақ уақыт кері әсерін тигізеді.
Louis Pasteur (Луи Пастер) 1877 жылы ең алғашқы антибиотик болған пеницилин дәрісін ойлап тапқан кезде былай деген:
«Біз бұл дәрінің көмегімен талай ауруларды жеңеміз. Бірақ, пайдалы бактериялардың адам денсаулығы үшін маңызы өте зор екенін ұмытпауымыз керек» деген.
Бактериялар – тамыр және жасушалардың (клетка) дұрыс дамуын қамтамасыз етеді. Иммунитет үшін керекті ферменттердің пайда болуын қадағалайды. Асқорыту жүйесінде жұмыс жасайтын бактериялардың көбі, денедегі гармондық тепе-теңдікті сақтап тұрады. Антибиотик дәрілері үздіксіз қолданылған кезде, пайдалы бактериялар өзгеріске ұшырайды да, зиянды бактерияға айналады. Нәтижесінде денедегі гармондық тепе-теңдіктің болмауы және ас-қорыту сияқты проблемалар мазалай бастайды. Осындай ауру-сырқаттарды туғызбаудың бірден-бір жолы антибиотиктерді мүмкіндігінше аз пайдалану. Болар болмас тұмау, суық тию кездерінде антибиотик қолданбауға тырысу керек. Тек, ауру нақтылы белгілі болған жағдайда және дәрігердің кеңесімен, антибиотик қолданудың зияны болмайды.
Сондай-ақ антибиотиктерді жиі қолдану денедегі аурудың микроптарының да қарсы тұру қабілетін арттырады. Бұл микроптарды жеңу үшін бұрынғыдан да ауыр антибиотиктер қабылдауға тура келеді. Нәтижеде аурудың жазылуы да ұзап, дене де ауыр антибиотиктердің әсеріне тап болғандықтан басқа мүшелерге де зияны тимей қоймайды.
Бұл бетте Антибиотикті қажетінен көп қолдану – зиянды тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Денсаулық бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Антибиотикті қажетінен көп қолдану – зиянды материалы Денсаулық бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Аида
Менің сыныбымда қыз ауырып жатыр. Емделіп жатыр Алматыда. Уайымдап жүрмін