Ет сүрлеудің әдістерін білесіз бе?

Басты бет / Салт-дәстүр / Ет сүрлеудің әдістерін білесіз бе?

Ет сүрлеудің әдістерін білесіз бе? — Салт-дәстүр бөліміндегі материал.

Материал — ет сүрлеу, Қарын-сүрме, сүрлеу, Ыстап сүрлеу — осы тақырыптарға байланысты.

Ата-бабаларымыз қашанда ертеден еттің ұзақ сақталуын білсе керек. Оның үстіне, жас еттен гөрі сүр еттің пайдасы айтарлықтай екені исі қазаққа анық.

Қазақстанның әр облысында етті өзінше сүрлейді, осы тұрғыда оны сақтап, сүрлеудің түрлі тәсілдерімен таныстыруды жөн көріп отырмыз.

Тұздап сүрлеу

Соғымның сұрпы еті ғана емес, қазысы мен қартасы, жалы мен жаясы, омыртқасы мен төс еті де сүрленеді. Етті күн көзіне тигізбей, салқын жерде кептіріп алу керек.

Қарын-сүрме

Қарын-сүрме тәсілі етті қарынға тығып сақтау арқылы жүзеге асады. Мұнда сиырдың немесе қойдың етін тұздап, қарынға салғанда өзіне сіңеді.

Малды үйітіп сақтау

Терісін сыпырмай, үйітіп алып сақтайды. Мұндай ет өте дәмді болады.

Ұн ішінде сүрлеу

Қазы-қарта, жал-жая сынды бағалы еттерді осылай сақтаған. Ұнның ішіне ет тереңірек салынып қойылады.

Қайнатып алып кептіру

Жас етке тұз сіңген соң оны қазанда бір қайнатып алып, кептіреді. Етті жұқалап қақтайды, кешкі салқында іліп қою керек.

Ыстап сүрлеу

Ыстап сүрлегенде отты бықсытады. Сосын еттерді шошала ішінде сарғыш түтінде ыстайды. Етті шошалаға іліп, түтінде ыстау қажет етіледі, бірақ, ыстаудың өзіндік мөлшері болғаны жөн.

Ал, сіз ет сүрлегенде қай әдісті қолданасыз?



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ет сүрлеудің әдістерін білесіз бе? деген не?

Бұл бетте Ет сүрлеудің әдістерін білесіз бе? тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Салт-дәстүр бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Ет сүрлеудің әдістерін білесіз бе? материалы Салт-дәстүр бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Салт-дәстүр бөліміндегі басқа материалдар ет сүрлеу тақырыбындағы материалдар Қарын-сүрме тақырыбындағы материалдар сүрлеу тақырыбындағы материалдар Ыстап сүрлеу тақырыбындағы материалдар Тұздап сүрлеу тақырыбындағы материалдар