Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың жетілері

Жеті жетекші:

1. Адамның басшысы - ақыл
2. Жетекшісі - талап
3. Жолаушысы - ой
4. Жолдасы -кәсіп
5. Қорғаны - сабыр
6. Қорғаушысы - мінез
7. Сынаушысы - халық (Саққұлақ би)

Жеті ғашық:

1. Ләйлі –Мәжнүн
2. Фархад –Шырын
3. Таһир –Зуһра
4. Арзу –Қамбар
5. Уәлік –Ғарра
6. Уәки – Күлшаһ
7. Жүсіп –Зылиқа

Жеті шәріп (жеті әулие):

1. Меке шәріп
2. Мәдина шәріп
3. Бұхар шәріп
4. Шам шәріп
5. Қатым шәріп
6. Құддыс (Мысыр) шәріп
7. Кәләм шәріп (Құран)

Жеті қазына:

1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл, білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Жүйрік тазы

Жеті ғалам:

1. Шығыс
2. Батыс
3. Оңтүстік
4. Солтүстік
5. Аспан (жоғары ғалам)
6. Жер (орта ғалам)
7. Жер асты (төмендегі ғалам)

Жеті күн:

1. Бүгін
2. Ертең
3. Бүрсігүні
4. Арғы күн
5. Ауыр күн
6. Соңғы күн
7. Азына

1. Дүйсенбі
2. Сейсенбі
3. Сәрсенбі (сәтті күн)
4. Бейсенбі
5. Жұма (қасиетті күн)
6. Сенбі
7. Жексенбі

Жеті жұт:

1. Құрғақшылық
2. Жұт (мал қырылу)
3. Өрт
4. Оба (ауру)
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала

Жеті жоқ:

1. Жерде өлшеуіш жоқ
2. Аспанда тіреуіш жоқ
3. Таста тамыр жоқ
4. Тасбақада талақ жоқ
5. Аллада бауыр жоқ
6. Аққуда сүт жоқ
7. Жылқыда өт жоқ

Жеті жетім:

Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Замандасы қалмаса-
Бірінен де сол жетім.

Жеті ата:

1. Бала
2. Әке
3. Ата
4. Арғы ата
5. Баба
6. Түп ата
7. Тек ата

Жеті қат көк:

1. Ай
2. Күн
3. Шолпан
4. Есекқырғын (Меркурий)
5. Қызылжұлдыз (Марс)
6. Сатурн
7. Мүштәри (Юпитер)

Жеті амал:

1. Күннің тоқырауы
2. Қарашаның қайтуы
3. Үркердің батуы
4. Мұздың қатуы
5. Киіктің матауы
6. Қыс тоқсан
7. Ай тоғамы

Назар аудар:

Жеті қазына

Өз ұрпағына жеті атасын үйрету


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

АЛИНА

ЖЕТІ АТА ТУРАЛЫ МАКАЛДАР ЖООООК

Нура

Көөөөөөп рахмет!!!

Қасым

Күшті

Али

Жаттап алу керек екен, артық болмас

нурислам

жеті хақ деген жок екен

Алма

«Қазақтың жетілері» — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы жеті санының терең символикасына тоқталған мазмұнды әрі қызықты материал. Мақалада:

Жеті жетекші, жеті ғашық, жеті қазына,

Жеті ғалам, жеті күн, жеті жұт,

Жеті жоқ, жеті жетім, жеті ата сияқты
бірнеше «жеті» категориясы қазақ әдебиеті мен салт‑дәстүрдегі маңызы мен мәні көрсетілген.

Әсіресе бұл материал жете білудің, адам ағзасы ғана емес — рухани және моральдық қасиеттерді де жетілдіру қажеттігін, сондай‑ақ қазақ халқының ежелден келе жатқан дүниетанымын және жеті санын қадір тұтудың мәдени маңыздылығын ашады. Жеті саны қазақтың рухани әлемінде бейбітшілік, жеткіліктілік пен көрегендік секілді құндылықтарды білдіретіні байқалады.

Осы мақаланы оқыған сайын қазақтың салт‑дәстүрі мен мифологиясындағы «жеті» ұғымының қаншалықты терең мәнге ие екенін түсінесің. Бұл материал — ұлттық мәдениет пен руханиятты зерделеуге таптырмас ресурс!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар