
Жануарлардың ішіндегі ең ақылды құс. Дене тұрқы 9,5 см – 1 м. Қауырсындары ашық қанық (жасыл, оның қызыл және көк түстермен үйлесімі, кейде қара немесе сұр) түсті болады. Мойны қысқа, басы үлкен, тұмсығы мықты, қатты жемісті жара алады. Ең кішкентай тоқылдақ тәрізді тотылардың дене тұрқы 8 см, ең үлкен нағыз тотылардың дене тұрқы 1 метр. Жалпы ұрғашыларына қарағанда еркек тотылар ірі болады. Адамдарға еліктеп сөйлей алады. Тотылар 1000-ға жуық сөздерді жаттай алады. Есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Адамнан естіген сөздердің мағынасын түсінбесе де қайталайды. Жалпы тропикалық аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейді. Ұяларымызды ағаш қуысына, жартастардың жарықтарына салады. Тотытәрізділер қолға тез үйренеді, сондықтан оларды көп жағдайда экзотикалық құс ретінде үйде, торда ұстайды.
Өмір жасы
Ұзақ ғұмырға ие тотықұстардың өмірі кейде 50-60 жылға, кейде 100 жасқа да созылады. Қолда өсіргенде 50, кейде 80 жылдай өмір сүреді. Қорегі: Бүршік, гүл, жеміс және дәндермен қоректенеді. Етпен қоректенетін бірнеше тотылар да бар. Аяқтарын қол сияқты еркін қозғалтып, қатты жаңғақтарды аяғымен мықтап ұстап тұмсығымен жарады. Тотықұстар жойылып барады. Әлемде тотықұстардың 350-ден аса түрі кездеседі. Бірақ қазіргі таңда олардың үштен бірі жоғалу қаупінде тұр.
Қызықты мәліметтер
Ең көп таралған үй тоты құсы – бұйра тоты құс пен корелла.
Кеа — қойларға шабуыл жасайтын жыртқыш тотықұс.
Австралияда тотықұстарға арналған арнайы мектеп бар. Онда құстарды сөйлеуге үйретеді.
Тотықұстар арасындағы әлемдегі ең үлкен тұмсық иесі – қара какаду. Тұмсығының ұзындығы – 10 сантиметр. «Какаду» сөзі "какатуа" деген малай тілінен енген. "Какатуа"- "тістеуік" деген мағынаны білдіреді.
Америкада Бейби есімді тотықұс полиция қызметкеріне көмек көрсеткен. Белгілі бір бизнесменнің пәтеріне басып кіріп, тонап кеткен кезде оқиға орнында болған тотықұс полиция қызметкерлерінің көзінше ұрлықшы қылмыскерлердің бірінің есімін атап берген.

өте қызық екен
Жаксы , керемет .
Маған көмектескені үшін рахмет
маған ұнады
Осының арқасында 5 алдым көп,көп Рахмет.
Өте тамаша
маган унады
Унады
Рахмет
Рахмет сіздерге
Бұл өте,өте қызықты мəлімет екен. Маған қатты ұнады. Сіздің арқаңызда бес алдым. Сізге көп, көп рақмет!????????????
Өте керемет көп рахмет
Рахмет көп барінізгеде
Көп рахмет
Өте қызықты мəлімет екен көп көп рахмет
Керемет
Жақсы көптеген мәлімет алдым осылай қызықты ақпарат бергендеріңіз үшін көп рахмет !
Бул малимет оте оте кызык екен. Тотыкусты коп биле бермитин едим.
керемет
Өте керемет
Рахмет
Керемет екен.
Өте қызықты мәліметтер екен көп рахмет
Керемет қызық екен!
Мен мұндай ақпаратты бірінші рат естіп тұрмын.
Басы мен тоты құс жәй ғана сөйлей алады екен десем☺☺ жазған кісіге рахмет