Өлең, жыр, ақындар

Лашын

Лашын — ірі сұңқарлардың өкілі, Қазақстанда төрт түрі (лашын, бидайық, ителгі, ақсұңқар) бар. Лашынның дене пішіні орташа (салмағы 500-1000 г, қанатының құлашы 113 см). Ол — әдеттегі сұңқар, кедбетті. Жоғарғы жағы көксұр, төменгі жағы ақшыл түсті, оған қара көлденең сурет түскен, тұмсығының түбінен басталған қара «мұрты» бар. Екпінді ұшады, ұшып жүріп құстарды аулайды. Әдетте жемтігінің жоғарғы жағынан үлкен жылдамдықпен (300 км/сағ) тік шүйіліп ұстайды. Бұйығы, тек ұясында қатты «кьяк-кьяк-кьяк» деген дыбыс шығарады. Жерге өте сирек қонады. Әдетте биік жерлерде, жартаста, ағаш басында, үй үстінде дем алады. Жер бетінде кең таралған, бірақ барлық жерде сирек. Қазақстанда Марқакөл шұңқырындағы ұясы белгілі. Ұялау алдында ауада тік шүйіліп, күрделі бұрылыстар жасап, әсем құс ойнағын салады. 2-4 ашық сары жұмыртқаларын аналығы 28-30 күнде басып шығарады. Аталығы оған жем тасиды. Қанаттанған балапандарын екеуі бірге қоректендіреді. Бұл сирек кездесетін құс Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз