Аяқталмайтын ән
Туған елін әнмен тербеп төгілген,
Кең даладай таза, адал көңілмен.
Күліп-ойнап, күйіп-жанып, мұңайып,
Шәмші де өтті мына думан өмірден.
Өлеңдер жинағы — бұл бөлімде қазақ және әлем әдебиетіндегі үздік өлеңдер, поэмалар, әдемі өлең шумақтары және толық өлең мәтіндері топтастырылған. Мұнда әртүрлі тақырыптағы өлеңдер, жүрекке әсер ететін жырлар мен мазмұнды туындылар ұсынылған.
Егер сіз қазақша өлеңдер, қысқа шумақтар немесе толық өлең мәтіндерін іздесеңіз — осы жинақтан таба аласыз. Жаттауға, оқуға немесе бөлісуге арналған ең үздік өлеңдер осы жерде жинақталған.
Туған елін әнмен тербеп төгілген,
Кең даладай таза, адал көңілмен.
Күліп-ойнап, күйіп-жанып, мұңайып,
Шәмші де өтті мына думан өмірден.
Кәусар күндер шаттық алып шық алдан,
Не сұрапыл, сойқандарда сыналған.
Атпай-шаппай бостандықтың таңы атып,
Орындалды халқым күткен ұлы арман.
Ұлы өнердің өрлеуіне жолды ашып,
Тойын тойлап, әнін салды бар ғашық.
Алпыс жылдық тойы болды сазгердің,
Шымкент, Жамбыл, Алматыда жалғасып.
Баяу жылжып, күн де өтіп барады,
Қалың жауған мызғыр емес қар әлі.
Түсі ме әлде, өңі ме екен белгісіз,
Кейде Шәмші есін білмей қалады.
Көктем де өтіп, келе жатыр жаз шығып,
Жиі-жиі жанарына жас тұнып.
Бауыр ауру әсер етіп жүрекке,
Бірте-бірте бара жатыр асқынып.
Желпи соғып ерке жібек самалы,
Буып алған сары сағым даланы.
Дала жолы жағалап кеп Арысты,
Қызылқұмға дендей сіңіп барады.
Көне Отырар, қақ тағы да дабылды,
Көптен бері жұртың әнді сағынды.
Туған жерде бір кездесу басталмақ,
Шәуілдірге аяқ жеткен ағылды.
Кеудедегі бүршік атып бір үміт,
Бауырының сыздағаны білініп.
Аурухана төсегінде Шәмшінің
Кенет шаршап, көзі кеткен ілініп.
Жас қайтқан соң ауру-сырқау жамалып,
Білгір деген дәрігерге қаралып.
Шәмші жатыр түбіндегі Тараздың,
Санаторий «Химпромда» демалып.
– Шәке, өзіңмен бірге жүріп келемін,
Шынашақтай неткен өзің кең едің.
Ренжімей-ақ сұрағыма жауап бер,
Сен жайында кітап жазсам деп едім.
Бәз-баяғы жайбарақат күйінде,
Бір күн өтіп бара жатты бүгін де.
Ленинскі ауылында Шымкенттің,
Отыр еді Райымқұлдың үйінде.
Бұлар шықты марқайып бір қияға,
Қоныпты қыз - қияға, ұл - ұяға.
Жолықпай кеткен еді көптен бері,
Сазгер досы Жақанов Ілияға.
Маужырайды Алатаудың қар басы,
Күркірейді асау өзен арнасы.
Бар тынысын ішке тартып сәл ғана,
Мүлгіп алып, қайта оянды Алматы.
Кәусары бол өз арыңның, таза ақ та,
Мәлім болған аты бүкіл қазаққа.
Жайма шуақ сиыр жылы көктемде
Құстай ұшып жетті Шәмші Созаққа.
Жақсыны да жаманды да дос ұқты,
Достық жайлы шырқап әнге қосыпты.
Шолаққорған таныс ауыл, келді іздеп,
Ескі досы, сазгер Меймандосовты.
Үйлі-жайлы, дос-жараны бірге өскен,
Шықпайды ескі достары да бір де естен.
Алматының думан-шуы мезі етіп,
Жалғыз өзі Тараз жақта күн кешкен.
Сырға толы шежіресі кешегі,
Ғасырлардан ғасырларға жетеді.
Қаратаудың бір биігі ― Мыңжылқы,
«Қозмалдақ» пен «Сызған» ауылы етегі.
Көпті көрген үлкендерден бата алып,
Ұшқыр ойлы кеткен ақын атанып.
Әбілахат дүниеден озып, Шәмшіге,
Көңіл айтып отыр Мұхтар Шаханов.
Кеткен еді Алматыдан ұзап бір,
Кенет шықты суық хабар, құлақ түр!
– Қайда жүрсің, Әбілахат ауру,- деп,
Назым жеңгей телефонда жылап тұр.
Қуанышын жасыра алмас күйге еніп,
Шат-шадыман, күрең өңі түрленіп.
Той жасады дүркіретіп өзінше,
Үлкен ұлы Әбілқасым үйленіп.
Дауыл да бол, жасын да,
Теңіз де бол, асыл да.
Әндерің самғап барады,
Ғасырлардан ғасырға.
Кірбің түспей кіршіксіз ақ көңілге,
Ардақтады Шәмші досты өмірде.
Қайдасыңдар, Мырзахан мен Пернеш,-деп,
Суыт келіп түсті бірде «Темірге».
Жарқын жылдар несібесін мол жайды,
Дархан дала «миллиард» жырын толғайды.
Мың тоғыз жүз жетпіс бірінші жылы,
Көктем шуақ бөлеп алған Торғайды.
Мына өмірде болсын сондай бір адам,
Ақ көңілмен ел-жұртына ұнаған.
Ауырып қап Мұқағали кенеттен,
Шәмші отыр хал-жағдайын сұраған.
Құра алмады салдық пенен серілік,
Делебесі қозады да желігіп.
Арпалысып Алматыға сия алмай,
Бара жатыр қиял-ойға беріліп.
Басталғандай өткен күннің жалғасы,
Төгіліп тұр күн түсіндей алмасы.
Қалғып қалар құс ұйқы боп үйренген,
Бүгін тағы ерте оянды Алматы.
Қонаққа тән ізеттілік білдіріп,
Шәмші отыр жиналғанды күлдіріп.
Шиеліде кездесудің соңында,
Өтінішпен сұрақ қойды бір жігіт.
Ерке самал тербетеді қыр гүлін,
Арқалаумен шаршағандай жыр жүгін.
Бұлт бүркеніп, ашық аспан тұнжырап,
Шымкентте жаңбыр жауып тұр бүгін.
Туған жерге ешкімнің жоқ таласы,
Ауру-дерттің табылады дауасы.
Сары сағым мұнарланып тұратын,
Шәуілдірдің шіркін, таза ауасы!
Шындық сөзді айта алмайтын жасқанып,
Келе жатты «кемелді шақ» басталып.
Қонаевтың тұрған кезі болатын,
Қазақстан Республикасын басқарып.
Шектелмеген, жабылмаған іргесі,
Іргесіздің көп болады кірмесі.
Шымкенттің шетіне кеп тоқтады,
Келе жатқан сығандардың бір көші.
Соғыс бітіп, ел салтанат құрғалы,
Қанша уақыт қарайламай зырлады.
Зерттеп көрсе, біздің қазақ халқында,
Ән аз екен бейбітшілік туралы.
Асқақтаған арман-ойы, қиялы,
Осы өңірден өткен талай зиялы.
Басып өтіп Қызылорда аймағын,
Сыр сылаңдап Аралына құяды.
Ер көңілді кісі еді ақылды,
Түрі айтып тұр, әлденені жасырды.
Бөлектеніп өзгелерге білдірмей,
Бөлмесіне оңашада шақырды.
Кішіпейіл, оған жақын бар адам,
Мінезі бар айнымайтын баладан.
Шақырыпты үйленетін тойына,
Комсомолда хатшы жігіт Қаражан.
Қызылқұмның шөлінде ерні кезерген,
Бір бақытты жаныңменен сезер ме ең.
Оңтүстікте қазақ, өзбек күн кешіп,
Тату-тәтті көрші болған ежелден.
Дарындылық таныттың,
Ән бұлағын ағыттың.
Елін әнмен тербейді,
Кемел шағы шабыттың.
Қызылқұмда басылғандай жал табы,
«Сабан тойы» алда елдің алқалы.
Сары күздің шуақ шашқан бір күні,
Қызу науқан Сырдың егін алқабы.
Алла берген тектілік бар тегінде,
Тектіліктен сал да шығар, серің де.
Шабыттанып, жас таланты ашылып,
Шалқыды әндер сазгер туған елінде.
Мырзашөлде бір оқиға басталып,
Қарсы келе алмай тағы жасқанып.
Баса алмастан іштегі ыза-күйікті,
Мандолинін сабалады бас салып.
Бұл бөлімде түрлі тақырыптағы өлеңдер мен поэмалар бір жерге топтастырылған. Оқуға, жаттауға және керек кезде бөлісуге ыңғайлы шығармаларды осы жерден табуға болады.
Жинақта қысқа шумақтар да, толық нұсқадағы туындылар да бар. Сондықтан оқырман өзіне қажет көлемдегі өлеңді оңай таңдай алады.
Мұнда махаббат, өмір, туған жер, табиғат және басқа да тақырыптарға арналған жырлар ұсынылған. Бөлім әртүрлі көңіл күй мен іздеу мақсатына сай шығармаларды қамтиды.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі